Мектеп формасын киюді талап етпейміз - министр

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Тengrinews.kz

Төтенше жағдай кезінде, форс-мажор немесе басқа да шектеу шаралары болған кезде, білім беру мекемелеріне бекітілген мектеп формасын кимей, таза, классикалық киіммен келуге болады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мектеп формасы да маңызды сұрақтардың бірі. Біз қазір мектеп формасына қатысты білім министрінің бұйрығына өзгерістер енгіздік. Екі нәрсе аталды: бірінші, мектеп формасы солай қалады. Оны алып тастамадық. Бірақ оған қосымша тармақ қостық. Онда былай жазылған: төтенше жағдай кезінде, форс-мажор немесе басқа да шектеу шаралары болған кезде, білім беру мекемелеріне бекітілген мектеп формасын кимей, таза, классикалық киіммен келуге болады. Тіпті бірінші тоқсаннан кейін де дәстүрлі оқу формасына ауыссақ та, осы кезде мектепте ешкім ата-аналардан мектеп формасын сатып алуы керек деп талап етпейді", - деді ол ОКҚ онлайн-брифингте.

Министр мектеп формасы киемін деген оқушыларға шектеу жоқ екенін атап өтті. Оны ата-аналар өздері шешеді.

Реклама
Реклама

Жаңа оқу жылында қандай өзгерістер болады? Аймағамбетовтің 5 ұсынысы

Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде карантин тағы екі аптаға - 2 тамызға дейін ұзартылатынын және мұқтаж жандарға 42500 теңге берілетінін айтқан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Вопрос от автора
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама