Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
14 июля 2020 10:27

Жаңа оқу жылында қандай өзгерістер болады? Аймағамбетовтің 5 ұсынысы

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Бүгін Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жыл сайын ЖРВИ кезеңінде білім алушылардың 70 пайызға жуығы ауырады

"Министрлік әкімдіктермен бірлесіп, білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына дайындау жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша жыл сайын ЖРВИ кезеңінде білім алушылардың 70 пайызға жуығы ауырады. Сондай-ақ қазіргі уақытта білім саласы қызметкерлерінің коронавирус инфекциясын және басқа да вирустарды жұқтыру қаупі жоғары болып тұр. Бұл жағдайда біз үшін басты басымдық - балалар мен педагогтердің өмірі мен денсаулығы", - деді Аймағамбетов Үкімет отырысында.

Министр осыған байланысты келесі шешімдерді ұсынды:

Бірінші. Шалғайда орналасқан шағын жинақты ауылдық мектептерді қоспағанда, 1 қыркүйектен еліміздің барлық мектебінде 1-11 сынып оқушылары үшін оқу жылының алғашқы тоқсанын қашықтан оқу форматында өткізу;

Екінші. Бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының өтініші бойынша тиісті мүмкіншілікке қарай, қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беру. Бұл жағдайда санитарлық қауіпсіздік шаралары бойынша қамтамасыз етіледі. Яғни балалар тек қана бір кабинетте оқиды, үзілістер әртүрлі уақытта болады, кіреберісте дене қызуын өлшеу, ауаны тазарту, кварцтау және ылғалдау, ылғалды тазалау режимін күшейтеміз. Әлеуметтік қашықты ұйымдастыру үшін оқытуды ауысымға және 10-15 баладан аспайтын топтарға бөлу, мектепте оқу күндерін алмастыра оқыту қарастырылып жатыр. Сондай-ақ бұл балалар үшін пәндердің бір бөлігі қашықтан оқытылатын болады;

Үшінші. Шалғайда орналасқан шағын жинақты ауылдық мектептерде штаттық форматта оқыту мүмкіндігі ұсынылады. Бұл дегеніңіз жалпы оқушылардың 4 пайызын құрайды. Осы критерийлерге сәйкес келетін 127 мың бала контингентімен осындай 1 934 мектеп анықталды.

Төртінші. Алдағы уақытта бірінші тоқсан аяқталғаннан кейін эпидемиологиялық жағдай тұрақталуына байланысты мектептердің кезең-кезеңімен аралас оқыту және штаттық форматта оқыту жүргізілетін болады. Бұл мәселені де қарастырамыз. Тиісті стратегия дайын.

Бесінші. Үйде оқытудың ең осал топтары - ерекше білімді қажет ететін балалар және кірісі төмен отбасылардың балалары және бастауыш сыныптың оқушылары болғандықтан, біз нақты осы осал санаттағы балаларға инклюзивті және қолжетімді білім беруді қамтамасыз етуді арнайы қолға алатын боламыз.

Техникалық-кәсіптік білім беру

Колледждер оқу жылын қашықтан оқу режимінде бастайды. Дәстүрлі формат жеке кесте бойынша өндірістік оқытуды және кәсіби практиканы ұйымдастыру кезеңінде, көбінесе,  бірінші және бітіруші курстардың білім алушылары үшін, сондай-ақ шалғайда орналасқан колледждерде санитарлық нормаларды сақтай отырып, жүргізуге мүмкіндік бар.

Жоғары білім беру 

Оқыту, негізінен, қашықтан оқыту режимінде ұйымдастырылатын болады. Дәстүрлі формат жеке кесте бойынша зертханалық жұмыстар, өндірістік оқыту және кәсіби практика үшін ғана болады. Кейбір мамандық бойынша осындай мүмкіндік беріледі.

Сондай-ақ министр нақты қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанына тоқтады.

Бірінші. Жабдық бойынша... Дайындық барысында 35 мың компьютер сатып алынды. Жергілікті атқарушы органдар мектептерді, мұғалімдерді және оқытушыларды компьютер және интернетке қосылуын қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан бұл мәселені әкімдіктерден сұраймыз.

Екінші. Интернет платформаларды жаңғырту. Төртінші тоқсан қорытындысына сәйкес, педагогтердің және біздің оқушылардың берген ұсыныстары бойынша интернет платформаларды жаңғырттық. Бірінші және екінші тоқсан пәндері бойынша материалдары әзірленіп, қазірдің өзінде дайын. Бұл жерде енді әкімдіктер әр мектепте онлайн оқыту үшін стриминг мүмкіндігі бар интернет платформаға қосылуын қамтамасыз ету қажет. Жалпы мүмкіндік қазіргі уақытта дайын.

Үшінші. Контентті қамтамасыз ету. Педагогтердің жеке әзірлемелерін орналастыру үшін министрліктің білім беру платформасы әзірленді. Онда негізгі пәндер бойынша 5 028 білім берудің цифрлық ресурстарын орналастырып дайындап қойдық. 

Төртінші. Телесабақтар. Салалық министрлікпен бұл жұмысты ұйымдастырып жатырмыз. Жалпы оның трасляциясы, түсіру бойынша жұмыс басталды. Төртінші тоқсан қорытындысы бойынша осы құралдың тиімді екеніне көзіміз жетті.

Бесінші. Педагогтер оқыту үшін бес модуль бойынша ІТ құзыреттілікті дамыту, киберпедагогика және әдіснаманы оқытуға бағытталған онлайн курстарды әзірлеп қойдық... 350 мың әріптесіміз оқытылып, қамтылады.

Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде карантин тағы екі аптаға ұзартылатынын және мұқтаж жандарға 42500 теңге берілетінін айтқан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети