02 апреля 2020 | 16:47

Мемқарыз қауіпсіз деңгейде - вице-министр

Даурен Ерболат Журналист

Бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мемлекеттік қарыз қауіпсіз деңгейде екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мемлекеттік қарыз қауіпсіз деңгейде екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Берік Шолпанқұлов дағдарысқа қарсы шараларға 5,9 триллион теңге бөлінетінін атап өтті.

Реклама
Реклама

Осы орайда журналист қаржы министрінің бірінші орынбасарына "Бюджетті нақтылау кезінде тапшылық 2,4 триллион теңге болыпты. Бұл тапшылық жалпы ішкі өнімнің 3,5 пайызына тең екен. Экономикалық тұрғыдан бұл жағымды көрсеткіш пе?" деген сауалын қойды.

Шолпанқұловтың айтуынша, мемлекеттік қарыз бақылауда.

"Мемлекеттік қарызды анықтаудың негізгі критерийі - оның қауіпсіз деңгейде болуы. Қазіргі таңда мемлекеттік қарыздың деңгейі - жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 23,6 пайызында. Алайда мемлекеттік қарыздың деңгейі ЖІӨ-нің 50 пайызы деңгейінде де нақтыланды. Бұл көрсеткіштен асқан жоқпыз. Сондықтан мемлекеттік қарыз қауіпсіз деңгейде болып саналады. Бұл бізге ақшаны қарызға алып, экономиканы дамытуға жұмсауға мүмкіндік береді", - деді бірінші вице-министр.

Осыған дейін қаржы министрінің бірінші орынбасары спекулянттармен күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтқан болатын.

Сонымен қатар, бүгін қаржы министрі Әлихан Смаилов Президент тапсырмасы бойынша қазақстандықтарды тегін азық-түлікпен қамтамасыз етуге қанша қаржы бөлінетінін, ал ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елімізде экономикалық көрсеткіштер төмендеп жатқанын айтқан.

Сондай-ақ, премьер-министр Асқар Мамин үкімет дағдарысқа қарсы бірқатар шара қабылдайтынын атап өтті.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жәрдемақы мен зейнетақы өсетінін, төтенше жағдай жариялануына байланысты табыссыз қалған азаматар үшін жәрдемақы алатындардың санатын кеңейтуді тапсырған.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 402-ге жетті. 27 адам індеттен жазылды, 3 науқас қайтыс болды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Tengrinews отмечает 14-летие
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная