14 декабря 2020 | 13:36

"Менің атымнан сізге бір пожаловался". Қазақстандықтар ресейлік депутаттың парақшасына "шабуылдады"

Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Вячеслав Никоновтың Қазақстан аумағы туралы мәлімдемесі Желіде қызу талқыға түскен болатын. Депутаттың сөзіне наразы болған қазақстандықтар оның Instagram желісіндегі парақшасына "шабуыл" жасады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Вячеслав Никоновтың Қазақстан аумағы туралы мәлімдемесі Желіде қызу талқыға түскен болатын. Депутаттың сөзіне наразы болған қазақстандықтар оның Instagram желісіндегі парақшасына "шабуыл" жасады. 

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік "Первый канал" эфирінде Мемлекеттік Дума депутаты Вячеслав Никоновтың Қазақстан туралы айтқан сөзі желіде тараған еді. Депутат эфир барысында Қазақстан деген ел болмады деген. 

Реклама
Реклама

"Қазақстан болған жоқ, Солтүстік Қазақстанда бұрын мүлде қоныстанбаған. Олар болған, бірақ оңтүстікке жақын. Шын мәнінде, Қазақстан территориясы - Ресей мен Кеңес Одағының үлкен сыйлығы", - деген еді Никонов "Большая игра" бағдарламасында.

Артынша Қазақстан жері туралы даулы мәлімдеме жасаған ресейлік депутат өз сөзін былай түсіндірді:

"Қазақ КСР шекарасын бекітуде Қазақстан мүддесі толықтай ескерілді. Кейін Қазақ КСР Қазақстан Республикасы болды. Мүмкіндікті пайдалана отырып, бауырлас Қазақстан халқына ыстық ілтипатымды білдіріп, "Большая игра" бағдарламасында мен дәл осы нәрсені айттым", - деп жазды ресейлік депутат Telegram-каналында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Депутаттың Instagram желісіндегі парақшасындағы соңғы жазбасына 2 мыңнан аса пікір жазылған. Кейбір қазақстандық депутатқа Қазақстан тарихын оқуға кеңес берген. 

Айта кетейік, депутат Мәскеу мемлекеттік университетінің мемлекеттік басқару факультетінің деканы және "Русский мир" қорының басқарма төрағасы. 

Кейбір оқырмандар шенеуніктің кешірім сұрауын талап еткен. 

Ресейлік депутаттың сөзіне қазақстандық шенеуніктер де наразы болған. 

"Қазақстанның Тәуелсіздігіне отыз жыл толуға қараған шақта тасада тұрып тас ататындар шықты. Ресей Думасының білдей бір комитет төрағасы Никонов деген "Қазақстан территориясы - Ресей тартқан тарту" деген мазмұнда сөз айтады. Бауыржан Момышұлы мұндайды "оттауизм" дейтін... Ресей - Қазақстанның стратегиялық әріптесі. Екі ел ортасында мәңгілік достық туралы шарт бар. Дума депутаты аңдамай сөйлесе, аузынан жаңылған шығар деуге болар. Ал мұны саналы тұрда мәлімдесе бұл әңгімені екі елдің ортасына от тастау деп бағалау керек", - дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Facebook желісіндегі парақшасында. 

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед те Вячеслав Никоновтың даулы сөзіне қатысты пікір білдірген болатын. 

"Бұл не: жаугершілік сауатсыздық, саяси инфантилизм немесе екі халық пен мемлекет арасында сына қағуға бағытталған әрекет пе? (...) Бұл тек саяси жауапсыздық емес, сонымен қатар, ғасырлар бойы қалыптасқан біздің ортақ мұрамыз - халықтар арасындағы достықтың негізі болып келе жатқан миллиондаған қазақ пен орысты қорлау. Мен және миллиондаған қазақстандық үшін орыс пен қазақ халқының арасындағы достықты қорғауымыз керек екені анық. Қорлау мен арандатушылық мәлімдемелерден аулақ болу керек", - деді сенатор. 

Ал 12 желтоқсанда Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне Ресей Федерациясының Уақытша сенімді өкілі Александр Комаров шақырылды. Кездесу кезінде кейбір ресейлік саясаткердің Қазақстанға қатысты арандатушылық әрекеттерінің жиілеп кетуі мемлекеттеріміз арасындағы одақтастық қатынастарға айтарлықтай нұқсан келтіретіні айтылды. 

"ҚР СІМ Ресей тарапының мұндай мәлімдемелерге тиісті баға беруін күтеді және Ресей Федерациясының мемлекет қайраткерлерінен мұндай мәлімдемелерге жол бермеу үшін шаралар қабылдауға шақырады", - делінген хабарламада.

Ресейлік дипломатқа ҚР СІМ ұстанымы көрсетілген нота табысталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная