04 апреля 2020 13:36

Министр 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны қанша адам алғанын айтты

Даурен Ерболат Журналист
Фото: primeminister.kz

Төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға берілетін 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны бүгінге дейін 60 мыңнан астам қазақстандық алған. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оның айтуынша, қазіргі таңда 450 мың тұрғын 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы алу бойынша өтініш берген.

Реклама
Реклама

"70 мың азамат жәрдемақыны төленетіні туралы SMS хабарлама алды. 60 мыңнан астам азаматтың банк картасына тиісті қаражат түсті", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, осыған дейін қаржы министрі Әлихан Смаилов Президент тапсырмасы бойынша қазақстандықтарды тегін азық-түлікпен қамтамасыз етуге қанша қаржы бөлінетінін, ал ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елімізде экономикалық көрсеткіштер төмендеп жатқанын айтқан.

Сондай-ақ, премьер-министр Асқар Мамин үкімет дағдарысқа қарсы бірқатар шара қабылдайтынын атап өткен.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жәрдемақы мен зейнетақы өсетінін, төтенше жағдай жариялануына байланысты табыссыз қалған азаматар үшін жәрдемақы алатындардың санатын кеңейтуді тапсырған.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 500-ге жетті. 35 науқас жазылды, 4 адам қайтыс болды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram