02 апреля 2020 | 09:35

Министр экономикалық көрсеткіштер төмендеп жатқанын айтты

Даурен Ерболат Журналист
Фото: primeminister.kz

Елімізде жылдық жылдық инфляция 9-11 пайыз аралығында болуы мүмкін. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елімізде жылдық жылдық инфляция 9-11 пайыз аралығында болуы мүмкін. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдымен министр ұлттық қордан 2020-2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферттерге өзгеріс енгізу туралы Президент жарлығының жобасы енгізіліп отырғанын жеткізді.

Реклама
Реклама

"Болжамды нақтылаудың негізгі факторлары тұрақсыз сыртқы экономикалық жағдай, байқалып отырған жаһандық рецессия және коронавирустың таралмауы бойынша қорғау шаралары аясында іскерлік белсенділіктің азаюы байқалады", - деді ол.

Оның айтуынша, жыл басынан бері мұнай бағасы 66 пайыз, металдар 16 пайыз, әлемдік биржалық индекстер орташа есеппен 21 пайызға төмендеген.

"Осыны ескере отырып, осы жылдың сәуір-желтоқсанда мұнайдың орташа бағасы бір баррелі 20 доллар деңгейінде анықталды. Доллардың есептік бағамы 440 теңге деңгейінде және жылдық инфляция 9-11 пайыз аралығында есепке алынды", - деді Руслан Дәленов.

Сондай-ақ, мұнай өндіру бойынша болжам 86 миллилон тоннаға дейін азайған.

"Бұл тау-кен өнеркәсібінің төмендеуіне әкеп соғады. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, құрылыста және көрсетілетін қызметтер секторында, оның ішінде саудада оған дейін мақұлданған өсу қарқынын салыстырсақ, көрсеткіш төмендеуі мүмкін. Экспорт 16,3 миллиард долларға төмендеп, 35 миллиард доллар болды. Ал Импорт 7,5 миллиард долларға төмендеп, 26,6 миллиард доллар", - деді министр.

Айта кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жәрдемақы мен зейнетақы өсетінін, төтенше жағдай жариялануына байланысты табыссыз қалған азаматар үшін жәрдемақы алатындардың санатын кеңейтуді тапсырған болатын.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 402-ге жетті. 26 адам індеттен жазылды, 3 науқас қайтыс болды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная