23 июня 2020 | 16:05

Надыров тұрғындарды коронавирусқа қарсы антиденеге қан тапсыруға шақырды

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

Алматыда коронавирус жұқтырған соң аурудан айыққан қала тұрғындарынан антиденеге қан тапсыру сұралды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда коронавирус жұқтырған соң аурудан айыққан қала тұрғындарынан антиденеге қан тапсыру сұралды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты.

Басқарма басшысы өзінің неліктен коронавирусқа қарсы антиденеге қан тапсырғанын түсіндірді.

Реклама
Реклама

"Мен бүгін таңертең ерте республикалық қан орталығына донор болу үшін бардым. Коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауырып, жазылған адамның қанында антиденелер болады. Бұларды "тірі вакцина" деп те атайды. Өкінішке қарай, бұл антиденелер барлық жағдайда қалыптаспайды. Әдетте, науқас ауруды ауыр өткерген кезде пайда болады. Сондықтан болашақта менің антиденеге тапсырған қаным жағдайы ауыр науқастардың еміне көмек болсын деген оймен жасадым. Жалпы тұрғындарды, әсіресе, мұндай аурумен ауырып, емделіп шыққан қала тұрғындарын Өтепов, 1 мекенжайындағы Республикалық қан орталығына барып, қан тапсырып, коронавирус инфекциясымен күреске үлес қосуға шақырамын", - деді ол Алматы телеарнасындағы онлайн-брифингте.

Маманның айтуынша, бұл әдіс әлем елдерінде қолданылады. 

"Бүгінде бұл әдіс бірнеше елде қолданылады. Ресей Федерациясында, Қытайда пандемияның басында бұл әдістерді ауыр жатқан науқастардың жағдайын жақсарту үшін пайдаланды. Сондықтан пандемиядан бөлек, басқа уақытта азаматтар қан тапсырып, қорда артық қан болуына ықпал етуге шақырамын", - деді Надыров онлайн-брифингте.

Еске салайық, бұған дейін Камалжан Надыров Алматыда жағдайы ауыр және өте ауыр науқастар саны артып жатқанын айтқан еді.

Сәуір айында Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған Камалжан Надыровтан коронавирус инфекциясы анықталған болатын.

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 3 429-ға жетті. 2177 адам аурудан айықты. Ал Қазақстан бойынша 18 23 адам коронавирус жұқтырған.  11 220 науқас жазылды, 127 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram