Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
23 июня 2020 15:31

Коронавирус: Алматыда жағдайы ауыр және өте ауыр науқастар саны артып жатыр

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©РИА Новости Фото: ©РИА Новости

Алматыда коронавирус жұқтырған жағдайы ауыр және өте ауыр науқастар саны артып жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда коронавирус жұқтырған жағдайы ауыр және өте ауыр науқастар саны артып жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қалада 3 429 адам COVID-19 жұқтырған. Ал 2 177 науқас дертінан жазылса, 20 науқас қайтыс болған.

"Бүгінде қаладағы стационарларда 1388 науқас емделіп жатыр. 20 адамның жағдайы өте ауыр, 150 адамның жағдайы ауыр, 1 222 науқастың жағдайы орташа, 194 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Біз ауыр науқастар санының өсу себебін талдадық. Оған қант диабеті, артериялық гипертензия, жүрек аурулары сынды қосымша аурулары бар науқастардың көбеюімен байланысты деген қорытындығы келдік", - деді басшы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, Камалжан Надыров коронавиурс жұқтырған науқастардың жас ерекшелігіне тоқталды.

"Яғни жағдайы ауыр, өте ауыр науқастардың 80 пайыздан астамы - 60 жастан асқан адамдар. Талдау 20-29 жас аралығындағы адамдардың ауруды жиі жұқтыратынын көрсетіп отыр. Оның үлесі - 35 пайыз. 60 жастан астан науқастардың ауру жұқтыру көрсеткіші - 8,8 пайыз. Жалпы жағдайы ауыр және өте ауыр науқастар санының көбейгені байқалады", - деді басшы.

Сонымен қатар, ол бүгінде жасанды тыныс алдыру аппаратында 11 науқас, өкпенің инвазив емес жасанды тыныс алдыру аппаратында 15 науқас жатқанын жеткізді. Бос аппараттардың саны - 23. 

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 18 231-ге жетті. 11 158 науқас дертінен айықты, 127 адам қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.1   490.7   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети