ПОДЕЛИТЬСЯ
31 марта 2020 | 13:25
Оқушылардың жазғы демалыс мерзімі қысқара ма? Министрдің жауабы
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылар үшін жазғы демалыс мерзімі әзірше қысқармайтынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылар үшін жазғы демалыс мерзімі әзірше қысқармайтынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жазғы демалыс мерзімін қысқарту жоспарымызда жоқ. Егер күтпеген жағдайлар болса, оны қысқартуымыз мүмкін. Алайда, жазғы демалыс мерзімін қысқару жоспарда жоқ. Бұл мәселені қарастырып жатқан жоқпыз", - деді Аймағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Осыған дейін білім және ғылым министрі интернет ресурстарын пайдалану тегін болатынын айтқан.
Еске салайық, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа байланысты мектептерде 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында сабақ болмайтынын мәлімдеді. Ал колледж бен универститет студенттері қашықтан оқыту жүйесіне ауысты.
Сондай-ақ оқушылар демалыстан шыққан соң онлайн түрде білім алатын болды.
Әлеуметтік желіде кейбір ата-аналар балаларын онлайн түрде оқыта алмайтынын айтты. Себебі, интернет қызметін төлеуге ақшасы жоқ екен.
11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады.
Соңғы мәлімет бойынша, елімізде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 325-ке жетті. 21 науқас аурудан жазылды, 2 адам қайтыс болды.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также