22 декабря 2021 | 15:10

"Өл" буынында мағына жоқ". 1-сынып дәптерінің авторлары сынға жауап берді

Камила Долаева Корреспондент

1-сынып оқушыларына "өл", "си" сөздерін жазу тапсырылған "Менің алтын жазу үлгім" дәптерінің авторлары филологиялық сараптама қорытындысын жариялады. Бұл туралы көмекші құрал авторларының Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында айтылады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

1-сынып оқушыларына "өл", "си" сөздерін жазу тапсырылған "Менің алтын жазу үлгім" дәптерінің авторлары филологиялық сараптама қорытындысын жариялады. Бұл туралы көмекші құрал авторларының Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында айтылады. 

Айта кетейік, мұның алдында "Менің алтын жазу үлгім" дәптеріндегі "өл", "өш", "си" сөзі дау туғызған болатын. Ата-аналар бұл жағдай шектен шыққандық екенін айтып, жағымсыз сөзді балаға жаздыртудағы мақсатын сұраған.

Өз кезегінде, дәптер авторларының сөзінше, қазақ тіліндегі, "өл", "өш" және "си" буындарын жазуда ешқандай жағымсыз мағына жоқ және "өл" буынын жазу тапсырмасы суицидке шақырмайды. 

Реклама
Реклама

"Қазақ тіліндегі екі әріптің тіркесі: "ө" және "л"; "с" және "и"; "ө" және "ш" тәуелсіз етістік те, басқа да сөз таптарын құра алатын буын да бола алады: зат есім, сын есімдер", - делінген авторлардың жауабында.

Авторлардың пікірінше, барлық саналы адамға бұл оқу материалы екені, ондағы тапсырма буындарды қайталап жазу ғана екені түсінікті. 

Осылайша дәптер құрастырушылары филологиялық-психологиялық зерттеулер нәтижесін жолдады.

"Алматы қаласы сот сараптамалары институтының филология ғылымдары саласындағы маманынан адвокаттық сұрау салу негізінде алынған 3.11.2021 жылғы №198 қорытындысына сәйкес, қазақ тіліндегі буын бір дауысты дыбыстан (а-та, а-та, а-па және басқалары), сондай-ақ дауысты және дауыссыз дыбыстардың үйлесімінен тұруы мүмкін.

Дауысты және дауыссыз дыбыстардың реті бойынша буын мынадай түрлерге жіктеледі: ашық, тұйық, бітеу буын (...). Бұдан "өл" бітеу буынға жатады деген қорытынды шығады.

Бірақ, сонымен қатар, бұл буында мағына жоғын саналы адамдар түсінуі керек және бұл сарапшы қорытындысында расталды", - делінген жауапта. 

Кейін, филолог маманның қорытындысына сәйкес, қазақ тіліндегі сөздер бір буыннан және бірнеше буыннан тұратыны айтылады.  

"Өл" буыны - мағынасы жоқ дыбыстар буынының фонетикалық көрінісі, ал "өл" етістігі - мағынасы бар сөз табы. Функционалдық-прагматикалық, лексикалық-семантикалық тұрғыдан "өл" буынын түбір етістік формасынан басқа сөз таптарына (зат есім, сын есім) айналдыруға (өзгертуге) болады.

Мысалы: өлген жоқ, өлке, өлкесі, өлшем, өлкетану, өлше, өлшеу, өлшегіш, өлшемдес, өлшеулі, өлімтік және басқалары", - делінген хабарламада.

Бұдан әрі, осы тапсырманың 6-7 жастағы балалар психикасына әсер ету дәрежесін анықтау бойынша сараптама нәтижесі келтіріледі. 

"5-7 жас аралығында жас онтогенезіне байланысты балалар "өлім" сөзін толық түсінбейді. Олар үшін "өлім" сөзінің мағынасы ертегідей, кейіпкерлер өліп, қайта тіріледі. Осы жастағы балаларға "өлім" сөзінің ұғымы уақытша және қайтымды нәрсе сияқты, отбасын жақын адамынан айырылса, бала ол қашан оралатынын сұрайды.

Демек, 6-7 жастағы бала "өл" буынын "өлім" сөзімен байланыстырмас еді. Ол үшін бұл буынды "әдемі" жазуға берілген қарапайым тапсырма", - деп қорытындылады олар. 

Дәптер авторлары 6 жаста "өл" буыны баланы суицидке итермелейтінін мәлімдеп отыр. 

Тіл мәселесін көтеріп жүрген Аятжан Ахметжанұлы да мұны суицидпен байланыстыруға келмейтінін, бірақ тәрбие беру процесіндегі "жүректі қатайту" деген дүниеге тікелей әсер ететінін айтты.  

"Сөз екен деп қолдана беруге болмайды. Боқауызды да буынға бөліп қолдануға болады. Қасиетті оқулықтың қолданатын дәптері білім, тәрбие беру құралы болғандықтан, ондайдан аулақ болу керек. 

Білім беру мекемесінде қолданылатын қандай да бір білім беруге арналған құрал ең алдымен, әл-Фарабидің сөзімен айтсақ, бәрінен бұрын тәрбие беруі керек, ол эстетикалық, этикалық тәрбиесін қатар алып жүретін құрал. Біз сөздік қоры тапшы ұлт болсақ, бір басқа. Сөздік қоры сонша кең, сөздік құрамы өте мол халық ретінде сөз таппай қалғандай қолдану әбестік", - деп ойын білдірді маман. 

Аятжан Ахметжанұлының сөзінше, бұл ең алдымен тәрбиеге қарама-қайшы сөз, адамдардың жақсы мен жаманды айыра бермей кез келген жерде қолдана беруі.

"Буын деп қарастырғанның өзінде мұнда негатив реңк бар. Автор дәптерді кімге жазып жатқанын, бұл эстетикалық, этикалық тәрбие беретін құрал екенін ойлануы керек. Тәрбие, ұлттық ұғым, жақсы мен жаманның не екенін білмесе, ұлттың болашағына әсер ететін дүниеден ары ойнауға кеңес беремін", - деп сөкті ол.

Еске салайық, "Менің алтын жазу үлгім" дәптеріндегі "өл", "өш", "си" сөзі дау тудырған болатын. Ата-аналар бұл жағдай шектен шыққандық екенін айтып сынаған болатын. Оқиғаға ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері бұл жазу дәптері бекіткен мектептерге арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер тізбесіне енгізілмегенін хабарлады. Сондай-ақ, дәптер мемлекеттік сараптамадан өтпеген.

Кейін "Менің алтын жазу үлгім" дәптерін шығаратын 8&8 басылымы Tengrinews.kz сауалына филологиялық сараптама жүріп жатқанын хабарлаған


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная