Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
11 ноября 2021 11:27

1-сынып оқушыларына "Өл", "Си" сөздерін жазу тапсырылған: сараптама жүріп жатыр

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде 1-сыныпқа арналған көмекші құралдағы "Өл" және "Си" сөздеріне байланысты дау шыққан болатын. Tengrinews.kz тілшісі "Менің алтын жазу үлгім" дәптерін шығаратын 8&8 басылымына сауал жолдады.


Әлеуметтік желіде 1-сыныпқа арналған көмекші құралдағы "Өл" және "Си" сөздеріне байланысты дау шыққан болатын. Tengrinews.kz тілшісі "Менің алтын жазу үлгім" дәптерін шығаратын 8&8 басылымына сауал жолдады.

Компания өкілдері жауабында филологиялық сараптама жүріп жатқанын айтты. 

"Жақын арада филологиялық сараптама нәтижелерін аламыз. Осы нәтижелердің негізінде жазбаша түрде жауап беріледі", - деді 8&8 өкілдері. 

Компания өкілдері редакцияның бұл жағдайға қатысты басқа сұрақтарын жауапсыз қалдырды.

Еске салайық, "Менің алтын жазу үлгім" дәптеріндегі "Өл" сөзі дау тудырған болатын. Ата-аналар бұл жағдай шектен шыққандық екенін айтып, жағымсыз сөзді балаға жаздыртудағы мақсат қандай екенін сұраған.

Оқиғаға ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері бұл жазу дәптері бекіткен мектептерге арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер тізбесіне енгізілмегенін хабарлады. Сондай-ақ, дәптер мемлекеттік сараптамадан өтпеген.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети