20 мая 2019 | 11:45

Өлімнен арашалаудың оқуы жоқ. Батырлар арамызда

Бейбіт заманның өз батырлары бар! Құтқарушылар ғана емес, әртүрлі қауіпті тосын жайттардың куәгерлері де шетте қалып жатқан жоқ. Елімізде қауіпке қарамай бөгде адамға көмектесу үшін өз өмірін тәуекелге тіккендер жетерлік. Tengrinews.kz тілшісі соңғы уақытта өрт жалмаған оқыс оқиғаларда батылдық танытып, өлімнен арашалап қалған адамдардың оқиғасын баяндайды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бейбіт заманның өз батырлары бар! Құтқарушылар ғана емес, әртүрлі қауіпті тосын жайттардың куәгерлері де шетте қалып жатқан жоқ. Елімізде қауіпке қарамай бөгде адамға көмектесу үшін өз өмірін тәуекелге тіккендер жетерлік. Tengrinews.kz тілшісі соңғы уақытта өрт жалмаған оқыс оқиғаларда батылдық танытып, өлімнен арашалап қалған адамдардың оқиғасын баяндайды. 

Азат Балғазин такси жүргізушісі

Реклама
Реклама

Биыл 3 сәуірде түнгі уақытта Ақтөбе облысының тұрғыны Азат Балғазин көлігімен Краснощекова көшесімен өтіп бара жатып, жанып жатқан үйді көзі шалады. От үйдің жанында тұрған көлікке көшкен, салдарынан көлік жарылып, өрттің күшеюі мүмкін еді. Осыны көрген Азат пен оның достары үйдің ішіндегі адамдарға көмекке асыққан.

Олар алдымен құрал-сайманмен терезені сындырған, оның дауысын естіген үй тұрғындары оянып кеткен. Үйдегілер өрт болып жатқанын көріп, сыртқа ұмтылған. Бірақ үйде екі бала қалып қойған. Олар төменгі қабатқа түсе алмаған, себебі бірінші қабатты өрт жалмаған. Балалар екінші қабаттан секірген, ал Азат пен оның достары оларды қағып алған. Бірақ бір баланы емханаға жеткізуге тура келген. Оған қоса құтқарушылардың бірі де жарақат алыпты.

"Мен күн сайын Нұрлан мен Алмасты көлікпен жұмысқа апарамын. Сол күні әдеттегідей көлікпен қайтып бара жаттық. Бір үйдің маңынан қою түтінді көрдім. Онда өрт болып жатқанын сездім. Мен достарыма тоқтап, үйді көрейік дедім. Таңғы сағат 4.40 еді. Біз бірден қақпаларды ашып, үйдегі есікті соққылай бастадық. Сосын терезені құрал-сайманмен жарып, ішке кірдік. Сол уақытта өрт қызметкерлеріне де телефон шалып үлгердім", - дейді Азат Балғазин.   

Кейін оқиға орнына өрт қызметкерлері жетіп, тілсіз жаудың бетін қайтарған. Жанған үйді сөндіруге арнайы көлікпен 25 өрт сөндіруші барған. Өрт 170 шаршы метрді жалмаған. Кейін жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері Азат Балғазинді алғыс хат және медальмен марапаттаған.

"Мен ешқандай да батырлық жасадым деп ойламаймын. Негізгі жұмысты өрт сөндірушілер жасады. Кез келген ер адам менің орнымда дәл осылай жасайтын еді. Бір-бірімізге көмектесу керек деп санаймын", - дейді Азат.  

Мади Раушанов күзетші

Мади Раушанов 28 ақпанда Астанда өртенген "Камал-4" тұрғын үй кешенінің ішінен екі баланы құтқарған. Ол тұрғын үйдің қауіпсіз қызметінде күзетші болып жұмыс істейді. Алдымен өрт жайлы рация арқылы естіп, өртеніп жатқан үйге барғанын және адамдарға көместескісі келгенін айтып берген. 

"Біз үйдің кіреберісіне көтерілдік, сол уақытта адамдар үйлерінен шығып, баспалдақпен төмен түсіп жатты. Көбі дүрлігіп, көтерген шу естілді. Мен төртінші қабатта, баспалдақта баланың тұрғанын көрдім. Кіреберіс толығымен түтінге толған еді, тұрған жерімді көру қиын болды. Мен балаға бас киім кигізіп, сыртқа қарай шығардым. Сосын екінші мәрте барып, екінші баланы алып шықтым", - дейді Мәди.

Өрт балкондарының бірінде өртенгіш заттан тұтануынан басталған. Төтенше жағдай туралы ол рацияда естгіен. Мадидың сөзінше балаларды шығарып болғаннан кейін олар әр үйдің есігін қағып, адамдардың бар-жоғын тексерген екен. 

30 адам оның арқасында тірі қалды. Бірақ ол батыр емеспін дейді

Бақытжан Беркімбаев, мектеп оқушысы

Биыл 16 ақпанда 13 жастағы мектеп оқушысы Бақытжан Беркімбаев 7 жасар қыз бен 4 жасар ұлды өртеніп жатқан үйден алып шыққан. Бұл оқиға Шымкенттің Абай ауданында ораналасқан жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде болған.  

"Мен үйге кірген кезде іші түгелдей түтін болды. Сол кезде үйдің шатыры жанып жатты. Газ баллоны жарылып кете ме деп қорықтым. Сол үшін балалардың біреуін қолынан ұстап, біреуін көтеріп алып сыртқа қарай жүгірдім. Қорқуға және ойлануға уақыт болмады. Екі баланы үйге әкеліп су бердім", - деді Бақытжан Беркімбаев.

Оқушы бала жаттығу кезінде қолын сындырып алған екен. Ол гипстелген қолына қарамастан балаларды құтқару үшін жанын аямаған. 

Тергеу барысында өрт сөндірушілер үйдің үлкен қызы түтінді көріп, қорқып, көршілерге көмек сұрап кеткенін мәлімдеді. Осылайша 2005 жылғы жасөспірім, анасынан өрт сөндіру қызметін шақыртуды сұрап, өзі ойланбастан  жанып жатқан үйге қарай жүгіріп кеткен. Сөйтіп оларды өлім аузынан құтқарған. 

Осыдан кейін ҚР ІІМ өкілдері Бақытжан Беркімбаевты батылдық танытып өртеніп жатқан үйден балаларды құтқарғаны үшін арнайы марапаттады.

Рысқали Енсепбаев, әскери қызметкер

Оқиға Ақтөбеде 2018 жылдың 16 сәуірінде болған. Рысқали жұмыстан үйіне бара жатқан кезде Махамбет көшесінде тұрған тұрғын үйлердің бірінде төменгі қабатта терезенің бірінен қалың түтіннің шығып жатқанын көрген. Әскери қызметкер осыны байқап, адамдарды құтқару үшін жанып жатқан пәтерге қарай жүгірген.

"Кешкі сағат 18.30-да жұмыстан шығып, үйге бара жаттым. Мен бұл жерден күнде өтемін. Сол күні үй жақтан "көмектесіңдер" деген дауысты естідім. Ойланбастан айқай шыққан жақа жүгірдім, Екі қабатты үйден түтін шығып жатты. Көршілер пәтерлердің бірінде мүгедек адам мен егде жастағы әйел бар деді. Оған қоса бір ер жігіт екінші қабатта қалған балаларынан көметесуін сұрады. Оларды терезе арқылы түсірдік. Барлығы болған оқиғадан қорқып қалған. Менің орнымда болған кез келген адам көмектесер еді", - деді Рысқали Енсепбаев.

Сөйтіп, өз өмірін қауіп-қатерге тіге отырып әскери қызметкер жанып жатқан үйден екі егде жастағы адам мен 2-4 жасар балаларды да алып шыққан. 

"Мен түтінді көрген бойда, ол жақта адамдар болуы мүмкін ғой деген ой келді. Көршілер уақытылы өрт сөндіруші қызметкерлерді шақырды. Басқа адамдар өздері үйлерінен шығып үлгерді. Мен бұл іс-әрекетімнен ешқандай ерлік көріп тұрғаным жоқ", - дейді Рысқали Енсепбаев.

Ержан Амарханов, жаттықтырушы

2018 жылы тамыз айында Ержан Амарханов өртеніп жатқан автобустан 48 адамды құтқарған. Ол бірінші оянып дабыл қағып, қасындағы адамдарды оятып, балаларды қолына алып есіктерді бұзып сыртқа шығарған.

Оқиға кешкі уақытта болған. Семейден Новосібір қаласына бағыт алған автобус жол бойында өртенген.  Бұл жайлы Ресейдің БАҚ өкілдері бірме-бір жарысып жазған. 

"Ержан мені оятпаған кезде, мені де, қарындасымда өртенген автобустың ішінде қалып кетер едік. Біздің жолымыз болды. Ержан есіктерді бұзып балаларды сыртқа шығарды", - деді Кирилл Рявкин автобустың жолаушысы.

© fishki.net

Ержан болса өзінің жасаған ісімен мақтан көрмейтінін айтты. Ең бастысы жолаушылардың аман қалғанын дейді. Жолаушылар құтқарамын деп Ержан Амархановтың құжаттары мен ақшасын автобустың ішінде қалып, өртеніп кеткен. Оның жасаған ерлігін Новосібір жергілікті билік өкілдері естіп оған құжат жасау мен ақшаны қайтаруға көмектескен. Осыдан кейін, жаттықтырушыны бірнеше Ресейлік телеарна өз бағдарламаларына қонаққа шақырған екен.

Айта кетейік, Tengrinews.kz "Батырлар біздің арамызда" жобасын бастады. Жобада батылдық танытқан, адамдарды қауіпті жағдайдан алып шыққан, өлімге араша болған, қиналып жатқандарға көмекке барғандар, сондай-ақ оларды аяққа тұрғызғандар жайлы мақала жарияланады. Сіздер, оқырмандар осы айдардың авторы бола аласыздар. Ерлік жасаған қарапайым адамдар жайлы оқиғаларды мына электронды поштаға жолдай аласыздар: geroi@tn.kz.

"Батырлар арамызда" жобасы ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Сондай-ақ, ERG компаниясымен бірлесіп "Қазақстанның дарынды балалары", "Жеңімпаздар" арнайы жобалары қолға алынған.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная