Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 апреля 2019 14:16

30 адам оның арқасында тірі қалды. Бірақ ол батыр емеспін дейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мейрамбек Құлназаров - өртсөндіруші, 38-де. Бұл қызметте жүргеніне 17 жыл болған. Осы уақытқа дейін ол ондаған адамның өмірін құтқарып, өлімнен арашалап қалған. 2017 жылы 30 адамды әріптестерімен өрттен құтқарғаны үшін "Айбын" орденімен марапатталған.


Мейрамбек Құлназаров - өртсөндіруші, 38-де. Бұл қызметте жүргеніне 17 жыл болған. Осы уақытқа дейін ол ондаған адамның өмірін құтқарып, өлімнен арашалап қалған. 2017 жылы 30 адамды әріптестерімен өрттен құтқарғаны үшін "Айбын" орденімен марапатталған.

Өртке қарсы қызмет күні Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының № 8 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшысының орынбасары, аға-лейтенант Мейрамбек Құлназаровпен сұхбаттасты. Ол қауіпті мамандықтың бірі саналатын жұмысы жайлы, бұл қызметтің қыр-сырын, жалпы жұмыстағы болған түрлі төтенше оқиғаларын әңгімеледі. 

Қазіргі уақытта Мейрамбек отбасылы және екі баласы бар. Ол 1980 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 2000 жылы ҚР Қарулы күштерінде әскери борышын Өскемен қаласында өтегеннен кейін, алдағы уақытта құқық қорғау органында жұмыс істеймін деген мақсат қойған.

"Әскерден оралғаннан кейін мен өзгердім десем болады. Экономика факультетінде оқуымды ары қарай жалғастырмай, ішкі істер органдарында жұмыс істеуді қаладым. Сол жылдары ағам полицияда жұмыс істеген, ол маған полиция қызметкері болып жұмыс істеу қиын екенін айтты. Бірақ оған қарамастан құқық қорғау органдарында жұмыс істеу деген ойымнан қайтпадым. Сөйтіп 2002 жылы Алматы қаласында өртсөндіруші қызметіне жарияланған іріктеуден өтіп, жұмысқа қабылдандым", - дейді ол.

Мейрамбек Құлназаров жұмысқа қабылданғаннан кейін өрт қызметкері қолына ұстайтын құралдарды бірден қолданбағанын айтады. Ол жұмысқа қабылданғаннан кейін арнайы мектеп дайындығынан өткен.

"Алғашқы мектеп дайындығы 45 күн болды. Біз өрт кезінде түтін болған жағдайда қалай әрекет етуді, өрт сөндіруге арналған құрылғыларды дұрыс пайдалануды үйрендік. Әу баста олардың бәрі бізге бейтаныс болған. Сондай-ақ психологиялық тұрғыда дайын болу үшін бізді жаттықтырған. Өрт оқиғаларын, үлкен жарылыстарды, сол кезде қаза тапқан адамдарды барлығын бізге көрсетіп алдын ала дайындаған", - дейді өртсөндіруші. 

Кейіпкеріміздің айтуынша, алғашқы дайындық мектебінен кейін де алғаш түскен өртсөндірушілер бірден жұмысына кірісіп кетпейді. Олар алдымен тағылымдамадан өтуі тиіс. Ол кезде тәжірибесі бар өртсөндіруші қызметкерлерден жұмыстың қыр-сырын үйрене бастайды. Осылайша, біршама уақыттың ішінде қабылданған адамдар іріктеледі, себебі кейбірі мұндай қиын жұмысқа төзбей шығып кетуі де мүмкін екен.

"Қызметке жаңа түскеннен кейін өртсөндіруші арнайы қызметтік сатылардан өтеді. Сөйтіп қана ол тәжірибе жинап, алапат өртті сөндіруге шығады. Мысалы әр өрт сөндіру бөлімінде бір ауысымда арнайы үш өрт сөндіру көлігі дайын тұрады. Бірінші бөлімдегі көлікте қарауыл басшысы, бөлім командирі, көлік жүргізушісі және үш өртсөндіруші болады. Бұл бөлім алапат өртке қарсы күреседі. Екінші бөлімде жүргізуші, бөлім командирі сосын бір өртсөндіруші. Үшінші бөлімде арнайы көліктің жүргізушісі болады. Ол өрт сөндіру қызметінде қолданылатын арнайы сатыны қажетті жерге қондырумен айналысады. Осылайша әр бөлімде тәжірибеге сай мамандар отырады", - дейді ол.

Сұхбат барысында Мейрамбек алғаш рет өрт сөндіруге шыққандағы оқиғасын әңгімеледі. 

"Алматының Жандосов көшесінің қиылысында тұтас бір үй өртенген болатын. Бұл менің алғашқы рет адам өлігін көрдім. Ол үйде егде жастағы әйел тұрған. 40-қа жуық иті болған. Үй ағаштан салынғандықтан, толығымен жанып кеткен. Біз иттердің өлекселерін шығардық, ол жақта адамның болғаны жайлы ақпаратты естідік. Жанып кеткен қалдықтың астынан қазба жұмыстарын жасап қарадық. Қасымдағы әріптесім өлі адамды тауып, оны көрген кезде қаша жөнелгені есімде. Оның да себебі бар, күйіп қалған адамның денесін көру оңай шаруа емес. Оған психологиялық тұрғыда дайын болу керек. Сол кезде менің денем түршіккен болатын", - дейді өртсөндіруші.  

Аға лейтенанттың айтуынша, осындай оқиғаларды көргеннен кейін кейбір өртсөндіруші өз қызметінен шығып кеткендер туралы естіген. Ол бұл жұмыстың психологиялық және физикалық тұрғыда адамға өте қиын екенін алға тартты. Сондай-ақ бір бөлімшенің күніне бірнеше рет шақырылымға шығатын жағдайлар көп екен. 

"Кейде өрт сөндіру бөліміне 10-ға жуық шақырту түседі. Әрине оның барлығы алапат өрттер емес, көбіне көктем мен күздің кезінде таудың етегінде құрғақ шөптің жанған кезі", - дейді өртсөндіруші. 

Мейрамбек Құлназаров өрт сөндіру кезінде әр түрлі тосын жағдайларға кездесетінін айтты. Өрт сөндірушінің кез келген өртке қарамастан алдында өз мақсаты тұрады - адамды құтқару. "Айбын" орденіне лайық болған құтқару жұмысында ол әріптестерімен бірге 30 адамды алапат өрттен құтқарған. Оқиға 2018 жылдың 8 ақпанында болған.

"Бұл жағдай көлік жөндейтін орталықта таң ата болған. Алматы қаласында орналасқан үш қабатты кешеннің соңғы қабатында жалдамалы пәтерден өрт шықты. Өрт көлік жөндейтін орталықтан шығып, түтіні үшінші қабатқа көтерілген. Негізі түтін тараған кезде адамды сыртқа алып шығу қиын жұмыс. Біз арнайы киім кигенімізге қарамастан, алдын ала дайындықтан өтсек те түтін кезінде құтқарып жатқан адаммен бір метр алға шығудың өзі қиын. Оған қарамастан біз өзіміздің міндетімізді атқардық. Тұрғындардың ішінде сәбиі бар аналар да болды. Топтық жұмыстың арқасында оларды алып шықтық", - дейді ол. 

Тағы бір құтқару кезінде өртеніп жатқан көлік жөндеу орталығында газ баллоны атылған.

"Газ баллоны контейнердің ішінде болғандықтан жалын ішінде атылып, терезе арқылы сыртқа шықты. Ол жалын бізге де жақындаған еді. Абырой болғанда, өртсөндірушілердің арнайы киімінің арқасында аман қалдық", - дейді құтқарушы.

Өртсөндіруші қызметке арналған көліктерде судың жеткілікті болатынын айтады. Арнайы көліктерде 1, 2, 5, 7 және 30 тонналық суы бар цистерналар болады екен. 

"Өртсөндірушілер сусыз келді немесе сулары тез бітіп қалды деген әңгімелер көп тарайды. Бірақ, расында өртті біз ауыздықтау үшін тонналаған суды бірер минутта-ақ жұмсап тастаймыз. Өртенген жерге жетпес бұрын біз алдын ала су мен барлық құрылғыны алдын ала есептеп шығамыз. Су жетпей жатса қосымша көліктер қосылады. Оған қоса өрт болып жатқан нысанның маңынан су көздерінен тартамыз. Кейде су көздерін құбыршек арқылы 300-400 метр қашықтан тартамыз", - дейді Мейрамбек Құлназаров.

Мейрамбек бұл қызметте жүргеніне еш өкінбейтінін айтады. Бұл жұмыстың қайтарымы аз дегенге де келіспеймін дейді. Өртсөндіруші қызметінің кемшілік және артық тұстарын айтуды сұрағанымызда ол былай деп ой қорытты:

"Меніңше жұмысың өзіңе ұнайтын болса оның кем тұстарын іздемейсің. Бұл жұмыс менің көңілімнен толықтай шығатындықтан, ісімді жалғастырып жатырмын. Адамдарды әр түрлі қауіпті жағдайдан құтқарып алғаннан кейін олардың алғысын естудің өзі мені одан әрі ынталандырады".

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети