27 мая 2020 | 17:55

Сағынтаев қытайлық дәрігерлер алматылықтарды қалай мақтағанын айтты

Даурен Ерболат Журналист

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қытайдан келген дәрігерлер алматылықтарды қалай мақтағанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қытайдан келген дәрігерлер алматылықтарды қалай мақтағанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдымен ол қала тұрғындарына алғыс білдірді.

Реклама
Реклама

"Мен қала тұрғындарына алғысымды білдіремін. Төтенше жағдай енгізілген соң, олар талапты орындады, үйінде отырды. Олар жағдайға түсіністікпен қарады", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Алайда әкім шаһарда коронавирус жұқтыру қаупі әлі барын атап өтті.

"Байқасаңыз, әр облыста коронавирус жұқтыру дерегі артып барады. Төтенше жағдай режимімен салыстырсаңыз, қазір індет жұқтырғандар саны көбейіп барады. Егер жағдай ушығатын болса, тиісті шара қабылданады. Бұл мәселені талқылап, осыған дейінгі қабылданған шаралар қайта күшіне енеді. Әр адам жауапкершілікті түсініп, карантин талабын сақтауы керек. Түсінемін, шаршаған шығарсыздар. Бірақ біз вирустың ешқайда кетпегенін түсінуіміз қажет. Ол - біздің жанымызда", - деді ол.

Осы орайда Бақытжан Сағынтаев Қытайдан келген дәрігерлер алматылықтарды қалай мақтағанын айтты.

"15 сәуірде Алматыға Қытайдан дәрігерлер келді. Осыған дейін олар Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларында болды. Кейін бізге келді. Қалада 5 күн болып, ауруханаларды аралап, қалай жұмыс істеп жатқанымызды көрді. Сапар соңында қытайлық дәрігерлер менімен кездесті. Олар маған Алматы көшелерінде адам көрмегенін айтты. Қытайлық дәрігерлер "Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларымен салыстырғанда Алматы көшесінде жүрген адам жоқ. Олардың төтенше жағдай режимін қатаң сақтап, үйде отырғаны жақсы ғой" деді", - дейді қала әкімі.

Айта кетейік, Алматыда 2 353 адам коронавирус жұқтырған. 1 345 науқас дертінен айықты, 10 адам көз жұмды.

Еске салайық, осыған дейін Қытайдан дәрігерлер ұшып келгені, олар отандық мамандармен тәжірибе алмасқаны хабарланған еді.

Сондай-ақ, қытайлық мамандар медицина қызметкері арасында коронавирус жұқтыру дерегін қалай азайтуға болатынын да айтқан.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная