28 апреля 2020 | 09:40

Шөкеев: Шаруалар проблемасын айтып, шу көтерді

Даурен Ерболат Журналист
Фото: yujanka.kz

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде 300 мың тонна орамжапырақ өтпей жатқанын айтып, үкімет басшысы Асқар Маминнен көмек сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде 300 мың тонна орамжапырақ өтпей жатқанын айтып, үкімет басшысы Асқар Маминнен көмек сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, облыста 300 мың тонна орамжапырақ өсірілген.

Реклама
Реклама

"Бірақ Ресейде бұл өнімге сұраныс күрт түсіп кетті. Біз барлық облыспен меморандумға қол қойдық. Олар алмай жатыр. Бізде осы 300 мың тонна орамжапырақты сату бойынша проблема бар", - деді облыс әкімі үкімет отырысында.

Өмірзақ Шөкеев қазіргі таңда өнімнің бағасы төмендеп жатқанын, шаруалар шу көтергенін жеткізді.

"Бүгінде өнімнің 1 келісі - 10-15 теңгеге төмендеп кетті. Фермерлер шу көтеріп жатыр. Сондықтан министрліктермен бірге бұл мәселені шешуге қандай мүмкіндіктер бар? Қазіргі таңда 250 мың тонна орамжапырақ дайын тұр. Оны бір жерге орналастыру керек. Олай болмаса, үлкен проблема туындайды. Қазір олар шулап жатыр", - деді өңір басшысы.

Осы орайда үкімет басшысы Асқар Мамин ауыл шаруашылығы министріне тапсырма берді.

"Облысқа көмек көрсету керек. Бірге жұмыс істеңіз", - деді премьер-министр.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная