27 июля 2021 | 18:11

Табынбаев қандай жағдайда пандемия тоқтайтынын айтты

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қалада қандай жағдайда пандемия басылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қалада қандай жағдайда пандемия басылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" дейді ғой. Ауруды, әсіресе пандемияны болдырмау - біздің негізгі жұмысымыз. Сондықтан ақпараттық жүйелерді пайдаланып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ең алдымен үйден шыққанда маска тағып, арақашықтықты сақтау, көп адам жиналатын жерге бармау, жөтеліп жүрген адамның жанында тұрмау, тіпті лифтіде де адам көп болса, оны өткізіп жіберіп, адам жоқ кезде кіруге тырысу керек. Пандемияны тоқтататын негізгі себептердің бірі - қалалықтардың 70-80 пайызының вакцина алуы. Сол жағдайда ғана пандемияның қарқынын азайтып, тоқтатуға мүмкіндік аламыз. Сондықтан бәрі бізге байланысты. Вакцина алсақ, дәрігерлердің айтқанын істеп, той-томалаққа бармай жүрсек, коронавирусты тезірек тоқтатамыз деп ойлаймыз. Вирусты тоқтататын басқа күш жоқ. Бәрі өз қолымызда", - деді Табынбаев. 

Еске салайық, бұған дейін Нариман Табынбаев қалада алдағы екі айда эпидахуал қандай болатынын болжаған еді. Оның сөзінше, негізгі болжамға сәйкес аурудың шарықтау шегі тамыздың бірінші онкүндігіне келеді.  

Реклама
Реклама
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная