СКАЧИВАЙТЕ НОВОЕ ПРИЛОЖЕНИЕ TENGRINEWS
04 ноября 2020 | 13:27

Талдықорғанда коттедж қалашығы салынады

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Алматы облысы әкімдігінің сайтынан

Алматы облысының орталығында 670 үйлік коттедж қалашығы салынып жатыр. Биыл 345-і пайдалануға беріледі. Бұл туралы аймақ басшысы Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының орталығында 670 үйлік коттедж қалашығы салынып жатыр. Биыл 345-і пайдалануға беріледі. Бұл туралы аймақ басшысы Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

"Алматы облысында тұрғын үй құрылысы жақсы қарқынмен жүріп жатыр. 9 айда 712,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өсім 7,6 пайыз болды. Ал жылдық жоспар - 938,8 мың шаршы метр. "Нұрлы жер" бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйлер мен инженерлік инфрақұрылымдардың құрылысына 38,3 миллиард теңге бөлінді", - деді облыс әкімі ОКҚ онлайн-брифингте.

Реклама
Реклама

Аймақ басшысының айтуынша, облыста барлығы 2 843 пәтерлік 566 тұрғын үй салынып жатыр, оның 1020-сы көпбалалы отбасылға беріледі. 1 533 отбасы "7-20-25", "Бақытты отбасы" және "Шаңырақ 5-10-20" жеңілдетілген бағдарламалары арқылы пәтер алады. 

Амандық Баталов облыс орталығында коттедж қаласы салынып жатқанын атап өтті.

"Облыс орталығы Талдықорғанда 670 үйлік коттедж қалашығының құрылысы жүріп жатыр. Биыл 345-ін қолданысқа береміз. Мұнда мектеп, балабақша, балалар және спорт алаңдары салынып жатыр", - деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная