11 мая 2020 | 13:47

Тоқаев су тасқыны туралы: Мал шығыны мен егіс алқаптарына тиген зиян өтеледі

Фото: ТЖК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссия отырысында Өзбекстан Республикасындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысында болған су тасқыны туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссия отырысында Өзбекстан Республикасындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысында болған су тасқыны туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті әріптестер! 1 мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысында су тасқыны болды. Бұл - техногенді сипаттағы төтенше жағдай. Мақтаарал ауданына қарасты 5 ауылдың 1 мыңнан астам тұрғын үйін су басып қалды. Сондай-ақ 9 елді мекенді су басу қаупі туындады. Шұғыл қабылданған шаралардың арқасында су тасқынының әрі қарай таралуына жол бермедік.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, қазір су тасқынының зардаптарын жою, тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың дүние-мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету басты назарда. Біз ауданның күнделікті тіршілігін қайта қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылдаймыз. Жалпы күзге дейін қираған үйлердің орнына жаңа тұрғын үйлер салынады. Зардап шеккен әрбір адамға 100 мың теңге көлемінде өтемақы төленеді. Мал шығыны, тасқынның ауыл шаруашылығы алқаптарына тигізген зияны өтеледі. Жалпы, зардап шеккен ауылдардың әрбір азаматы қамқорлықсыз қалмайды. Оларға жәрдем береміз. Зардап шеккен ауданға көмектесіп жатқан азаматтардың бәріне ризашылығымды білдіремін. Тасқын болған жерде әкімдік, сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан мен Төтенше жағдай жөніндегі комитет бөлімшелері және полиция қызметкерлері жұмыс істеіп жатыр", - дейді Президент.

Сондай-ақ, Тоқаев су тасқынынан отандық және шетелдік ірі бизнес өкілдері де зардап шеккен тұрғындарға айтарлықтай көмек бергенін де атап өтті.

"Мұндай азаматтарды халқымыздың шынайы патриоттары, тілеулестері деуге болады. Баршаңызға алғыс айтамын! Қазақстандықтар бұл жолы да бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білді. Біз бірге болсақ, барлық қиындыққа төземіз. Кез келген міндетті орындауға мүмкіндігіміз жетеді", - деді Мемлекет басшысы.

Осыған дейін Түркістан облысының әкімі үкімет басшысы Асқар Маминнен көмек сұрағанын, Өзбекстан қазақстандық коллекторларға тазалауға көмектесетінін хабарлағанбыз. 

Еске салайық, 1 мамырда Өзбекстанда  болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басқанын мәлімдеген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная