ПОДЕЛИТЬСЯ
17 мая 2020 | 12:18
Тоқаев туған күнін неге атап өтпейді?
Бүгін – жексенбі, 17 мамыр - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Қызық, 1953 жылғы 17 мамыр да жексенбіге түскен. Бірақ Мемлекет басшысы бұл күнді атап өтпейді. Себебі отбасылық дәстүрде бір мерекені - Жеңіс күнін тойлау ғана болған.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін – жексенбі, 17 мамыр - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Қызық, 1953 жылғы 17 мамыр да жексенбіге түскен. Бірақ Мемлекет басшысы бұл күнді атап өтпейді. Себебі отбасылық дәстүрде бір мерекені - Жеңіс күнін тойлау ғана болған.
Президент "ТАСС" агенттігі директорының орынбасары Михаил Гусманға берген сұхбатында туған күнді атап өтпейтінін былай түсіндірді.
"Біз әкеміздің туған күнін де атап өтпейтінбіз. Солай қалыптасқан. Бірақ Жеңіс күнін тойлайтын едік. Достары және соғыста бірге болған жолдастары келетін, - деді Тоқаев.
"Туған күнді тойлау дәстүрі қалыптаспаған"
Ақорданың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында бүгін "Қасым-Жомарт Кемелұлы үйінде жұмыс істейтінін" және Президент Әкімшілігінің қызметкерлеріне туған күнімен құттықтамау, естелік сыйлықтар тарту етпеу туралы ескерту жасалғанын атап өтті.
"Биылғы 17 мамыр жексенбі күніне сәйкес келіп отыр. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы үйінде жұмыс істейді. Аталған датаға орай ешқандай шара өтпейді. Тіпті, Президент Әкімшілігінің қызметкерлеріне туған күнімен құттықтамау, естелік сыйлықтар тарту етпеу туралы ескерту жасалды. Президент бұл күнді тойлағанды ұнатпайды. Өйткені ол кісінің отбасында балалардың да, ересектердің де туған күні тойланбайды екен. Ондай дәстүр қалыптаспаған", - деп жазды парақшасында Берік Уәли.
Әйтсе де, бұқаралық ақпарат құралдарының парақтарында Тоқаев туралы жазылған мәліметтерді сүзгілеуді жөн көрдік. Қайткенмен де, ел басшысы. Халық сенімін мойнына жүк етіп, қорғауға ант берген тұлғаның президент ретіндегі атқарған реформалары жайлы кім не жазғаны сізге де қызық болар?! Толығырақ Tengrinews.kz тілшісінің материалында.
Тоқаев, кем дегенде, сыртқы істер министрі болатын еді
Алдымен атап өтетін жайт, Қасым-Жомарт Тоқаев ел билігіне жақында келген жоқ, сонау 1991 жылдан, яғни тәуелсіздік алған сәттен бастап еңбек етіп келеді. Әлемдік саяси аренадағы рөлінің маңызы зор. Бұрынғы КСРО-ның сыртқы істер министрлігінде қызмет еткен. Сол кезде бірге еңбек еткен әріптестері "Егер КСРО ыдырамағанда, Тоқаев, кем дегенде, сыртқы істер министрі болатын еді" деп еске алады.
"Шинеліңді ал да, елге қайт!"
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Президентпен 1985 жылы Қытайдағы кеңестік елшіліктің екінші хатшысы болып қызмет етіп жүрген кезінде Бейжіңде танысқан. Тоқаевты көріп "Қазақсың ба?" деп сұраған. "Қазақпын" деген жауап алған. Ал Нұрсұлтан Әбішұлы бұл әңгімені ұмытпаған.
"Елбасы маған "Шинеліңді ал да, елге қайт!" деді. Мен мұны шақырту деп қабылдадым. Сосын оны күттім", - деп есіне алды Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен танысуын ресейлік журналист Алексей Пивоваровтың "Президент 2.0" деректі фильмінде.
Фото: ©REUTERS
Азия мен ТМД-да БҰҰ бас хатшысының орынбасары болған алғашқы тұлға
Саяси мансабын сыртқы істер вице-министрі, премьердің орынбасары, премьер-министр, мемлекеттік хатшы болып жалғастырды. Мемлекет басшысы халықаралық саяси аренада да көрінді. Дүние жүзінде айрықша маңызы бар Біріккен Ұлттар ұйымында еңбек етті. Ол жақта лауазымды қызметтегі ТМД және Азиядан шыққан алғашқы өкіл болды.
"Бүгінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ бас хатшысының орынбасары, Женевада БҰҰ бөлімінің бас директоры болғаны кеңінен танымал. Женевада бұл лауазымды атқарған кезде Азиядан шыққан тұңғыш адам болды, БҰҰ бас хатшысының орынбасары болғанда, түркі халықтарының арасында бірінші өкілі болды. Сондай-ақ ядролық қарусыздану бойынша конференция кезінде БҰҰ бас хатшысының жеке өкілі ретінде БҰҰ Бас ассамблеясының тоғыз сессиясына қатысқан. ТМД және ШЫҰ Шет елдер министрлер кеңесінің төрағасы болып сайланған», - деп жазды "Егемен Қазақстан" газетінің басшысы Дархан Қыдырәлі.
Фото ©REUTERS
«Міне, осыдан кейін ол елге оралып, мемлекетте екінші адам - Қазақстан Сенатының спикері болды. Содан соң заңды түрде мемлекет басшысының міндетін атқарды, - дейді Михаил Гусман Тоқаев туралы "Эхо Москвы" радиосына берген сұхбатында.
"Саяси билікте бірнеше жыл қызмет атқарып, бір рет те атыңа "кір келтірмеу" өте маңызды. Тоқаевтың атымен жемқорлыққа қатысты шу болған емес", - деп қосты Гусман.
"Біз өз моделімізді құрғымыз келеді"
Осылайша, Тоқаев 66 жасында "Нұр Отан" партиясының атынан президент болды және ол Deutsche Welle журналисі Жанна Немцованың "Қазақстан Еуропа жолын таңдай ма, әлде Ресей жолын таңдай ма?" деген сұрағына былай деді:
"Біз өз моделімізді құрғымыз келеді. Демократияны дамытқымыз келеді. Бізде 3500-ден астам үкіметтік емес ұйым бар. Сондай-ақ құрамында журналистер, қоғам белсенділері, блогерлер, экономистер бар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрдық. Олармен ақылдасып отырамыз. Біз нарықтық экономиканы да құрдық. Қазақстан Дүниежүзілік банктің бизнеске жағдай жасау сапасына қатысты рейтингінде 25-орында тұр. Бұл көрсеткіш жағынан Ресейден алда келе жатырмыз", - деді Президент сұхбатында.
Фото: Deutsche Welle. Жанна Немцованың сұхбаты.
Бейбіт жиын туралы заң жобасы қайта қаралып жатыр
Иә, Қазақстанның өз моделі әзірге құрыла қойған жоқ. Бірақ өзгеріс бар. Және бұл өзгерістер заңмен бекітілмек. Қазір бейбіт жиындар, митингілер өткізудің жаңа ережелерін Парламент депутаттары қызу талқылап жатыр. Себебі,
«Қоғам да, мемлекет те позицияны жария етіп айтуды дұрыс қабылдайтын уақыт келді. Бұдан қаша алмаймыз. Бұған ешкімнің арбауынсыз, толық түсініп, өз еркіңмен келу керек. Біз митинг тек құқық емес, жауапкершілік екенін ұмытпауымыз керек» - деген болатын Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.
Басты жетістігі – халықтың мемлекетке деген сенімін арттыруы
Ал Үндістанның "Economic Times" басылымының журналисі Дипанджана Рой Чоудри Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басшысы ретіндегі "ең басты жетістігі – халықтың мемлекетке деген сенімін арттыруы. Бұл бағыттағы тиімді қадамы Президент жанындағы Жастар кадр резервін құру болды", - деп жазды. Басылым Тоқаевтың Қазақстандағы саяси жүйеге әсер ететіндей бірқалыпты саяси ауысуды қамтамасыз ете алғанын айрықша атап өтті.
Халықтың қошеметі
Сондай-ақ қарапайым халық әлі күнге дейін Президенттің қайғыға ортақ болып, халін сұрап келгенін ұмытпайды. Артқа шегініс жасасақ, 2019 жылғы 9 маусымда елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп, Қасым-Жомарт Кемелұлы 70 пайыздан астам дауыс жинап, Мемлекет басшысы болған. Арадан 2 апта өткен соң Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болып, бірқатар үй, ғимарат қирады.
"Барлығы жақсы болады, шыдай тұрыңыздар. Бұл - төтенше жағдай, апат. Үкімет ақша бөледі. Көмектеседі, уайымдамаңыздар. Жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Мен арнайы келдім", - деді Президент дастархан басында отырғандарға.
Халық қол шапалақтап, қошемет көрсетті.
Енді дүние жүзін дүрліктірген COVID-19 пандемиясымен күреске тоқталмасқа болмас. Президент ақша шығыны көп болғанымен, халықтың денсаулығы одан да маңызды екенін жеткізді.
"Вертолетные деньги" - COVID-19-бен күрес
"Біз қабылдаған шаралар мемлекетке бес жарым, шамамен алты триллион теңге - он үш миллиард доллар шығын болды немесе жалпы ішкі өнімнің сегіз пайыздан астамын қамтыды. Яғни, тағы айтамын - теңдессіз шаралар. Мен мұны арнайы жасап отырмын, бірақ, әрине, азаматтар тарапынан да сын айтылып жатыр. Ақшаны шашып жатыр, "вертолетные деньги" дегендей. Кейде солай атайды. Бірақ мен, ең алдымен азаматтардың өмірі мен игілігі үшін күресуіміз керек деп есептеймін", - деді президент "ТАСС" агенттігі директорының орынбасары Михаил Гусманмен сұхбатында.
Ал ДДҰ Еуропа аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге Қазақстанның коронавируспен күресін жоғары бағалады және COVID-19 жағдайын тұрақтандырудағы шараларын үлгі етті, - деп жазды ҚР ДСМ баспасөз қызметі Telegram каналында.
Kazakhstan ??a great example of proactive efforts to stabilize #COVID19:
— Hans Kluge (@hans_kluge) May 12, 2020
✅Strong surveillance
✅Extensive testing, including Health Workers
✅Digitalized data collection
✅Timely prevention & intensified contact tracing
✅Treating patients appropriately
✅Research @byelzhan pic.twitter.com/CqMupD5TOc
Аты жоқ, бірақ атауы қойылған қауіпті індетке қарсы күреске Үкіметтен бөлек дәрігерлердің, әскерилердің тікелей атсалысуымен қатар, жұмыла көтерген басқа мамандардың қызметін атап өткен жөн. Балаға төртбұрышты жәшіктің ар жағынан білім беруге тырысқан ұстаздың да қадірі білінді. Бұл орайда Президенттің 2019 жылғы 31 желтоқсанда "Педагог мәртебесі туралы" заңға қол қойғанын ескерте кетейік.
Айтқандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде белсенді. Ол өзінің қызметіне байланысты 2011 жылы Twitter ашқан. Әлі күнге дейін жүйелі түрде твит жазып отырады. Саяси хабарламадан бөлек, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген спортшылар мен әншілерді қолдап отырады.
Ержан Максим беделді Junior Eurovision ән байқауында жүлделі екінші орынға ие болды. Бұл теңдесі жоқ, тамаша жетістік! Сені, ата-анаңды және ұстаздарыңды осындай маңызды жеңіспен құттықтаймын. Алар асуларың биік болсын! Алға!https://t.co/cVWrm588Uh
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) November 24, 2019
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также