12 февраля 2020 | 12:14

Тоқаев волонтерлікпен айналысатын қазақстандықтарға қандай жеңілдіктер жасалатынын айтты

Даурен Ерболат Журналист
© Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлікпен айналысатын қазақстандықтарға қандай жеңілдіктер жасалатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлікпен айналысатын қазақстандықтарға қандай жеңілдіктер жасалатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің пікірінше, еріктілерге жан-жақты қолдау көрсету керек.

Реклама
Реклама

"Менің тапсырмам бойынша оларға жеңілдіктер ұсынылады. Мысалы, енді волонтерлік жұмыс еңбек өтілі болып саналады. Сондай-ақ волонтер студенттерге қосымша стипендия беріледі немесе пән кредиттерін жабуға рұқсат беріледі", - деді ол республикалық волонтерлік фронт-офистің ашылуында.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бұл салада жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарға да қаржылай көмек берілетінін атап өтті.

"Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін 400-ден астам шағын грант бөлінеді. Әр гранттың құны 300 мың теңге көлемінде болмақ. Одан бөлек, әкімдерге жергілікті бюджеттен қосымша гранттар бөлуді тапсырдым. Еңбегімен ерекшеленген волонтерлер мемлекеттік наградаларға ұсынылады", - деп түйіндеді сөзін мемлекет басшысы.

Осыған дейін Қазақстан президенті қандай адамдардың патриот бола алмайтынын айтқан болатын.

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Волонтер жылы аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев BIRGEMIZ" республикалық волонтердің фронт-офисын ресми түрде іске қосты. Фронт-офис волонтерлер үшін кеңес беру, әдістемелік, оқыту, ақпарат беру қызметін атқарады.

Ресми шара ЭКСПО көрмесінің Art Hub павильонында өтіп жатыр.

Сондай-ақ фронт-офистың ашылуы барысында qqazvolunteer.kz онлайн платформасының жұмысы және волонтерлерге арналған Bilim, Qamqor, Úmit, Sabaqtastyq, Taza Álem және Saulyq жобалары таныстырылды. Оларды жүзеге асыру үшін алдағы уақытта шағын гранттар бөлу мәселесі қарастырылып жатыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная