Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 февраля 2020 11:44

"Заң алдында жауап беруі тиіс". Президент ескерту жасады

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев. © Тұрар Қазанғапов Қасым-Жомарт Тоқаев. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қандай адамдардың патриот бола алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қандай адамдардың патриот бола алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өзгелердің мүлкін тонап, олардың өміріне қауіп төндірген азаматтар ешқашан халқымыздың патриоты бола алмайды. Ондай адамдар - заңды өрескел бұзған қылмыскерлер. Олар заң алдында жауап беруі тиіс", - деді мемлекет басшысы республикалық волонтерлік фронт-офистің ашылуында.

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Волонтер жылы аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев BIRGEMIZ республикалық волонтердің фронт-офисын ресми түрде іске қосты. Фронт-офис волонтерлер үшін кеңес беру, әдістемелік, оқыту, ақпарат беру қызметін атқарады.

Ресми шара EXPO көрмесінің Art Hub павильонында өтіп жатыр.

Сондай-ақ фронт-офистың ашылуы барысында qazvolunteer.kz онлайн платформасының жұмысы және волонтерлерге арналған Bilim, Qamqor, Úmit, Sabaqtastyq, Taza Álem және Saulyq жобалары таныстырылды. Оларды жүзеге асыру үшін алдағы уақытта шағын гранттар бөлу мәселесі қарастырылып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети