21 марта 2020 | 18:44

Туроператорлар туристік жолдамалардың ақшасын неге қайтара алмай жатыр?

Даурен Ерболат Журналист

Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Дастан Рыспеков туроператорлар неге қазақстандықтарға туристік жолдамалардың ақшасын қайтара алмай жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Дастан Рыспеков туроператорлар неге қазақстандықтарға туристік жолдамалардың ақшасын қайтара алмай жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол туристік жолдамалардың ақшасын қазақстандықтарға қайтару бойынша мәселе туындағанын ашық айтты.

Реклама
Реклама

"Бүгінгі күні 5 туркомпаниялардан сатып алған туристік жолдамалардан бас тарту және олардан ақшаны қайтару бойынша мәселе бар. Туристік қызмет туралы заңның 15 бабына сәйкес, көрсетілген қызметті алушы алдындағы барлық міндеттеме бойынша туроператор жауапты болады және қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз етеді", - дейді Дастан Рыспеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осы орайда комитет төрағасының міндетін атқарушы елдегі және әлемдегі жағдай аяқ астынан өзгергенін атап өтті.

"Бір сәтте көптеген елге кіруді шектейтін режимдер енгізілді, әуе рейстері шектелді. Бұл мәселе біздің елімізге де қатысты", - деді ол.

Дастан Рыспеков салдарынан мәселе туындағанын, ол бірден шешілмейтінін жеткізді.

"Қазіргі таңда азаматтар туристік компанияларға туристік жолдамалар бойынша ақшасын қайтаруды талап етіп жатыр. Бірақ туропеторларға ақша жетіспейді. Өйткені, әуе компаниялар мен қонақ үйлерге өз шарттары шеңберінде тиісті алдын ала төлемдер жасалды. Сондай-ақ ақша ұйымдастырушылық сипаттағы өзге де шығындарға жұмсалды", - деді төраға міндетін атқарушы.

Оның айтуынша, туропеторлар қаражатты қайтару үшін өз серіктестерімен келіссөздер жүргізіп жатыр.

"Заңды рәсімдерді реттеу үшін де уақыт қажет", - деп түйіндеді сөзін Дастан Рыспеков.

Айта кетейік, осыған дейін туризм индустриясы комитетінің төрағасы міндетін атқарушы шетелде қалып қойған 379 қазақстандық елге қайтарылатынын айтқан.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 53 адамға жетті. Нұр-Сұлтанда - 28, Алматыда - 22, Қарағандыда - 2, Алматы облысында - 1. 

Сондай-ақ, 19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды. Ал 16 наурыздан бастап, елімізде төтенше жағдай жарияланды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная