ЧМ-2026: РЕЗУЛЬТАТЫ И РАСПИСАНИЕ

Шетелде қалып қойған 379 қазақстандық елге қайтарылады - министрлік

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шетелде қалып қойған 379 қазақстандық елге қайтарылады - министрлік Фото: Тұрар Қазанғапов

Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Дастан Рыспеков коронавирус пандемиясына байланысты шетелде қалып қойған қазақстандық туристер елге қалай қайтарылатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


18 наурыздағы мәліметке сәйкес, шетелде 5914 қазақстандық демалып жатқан.

"Осы күнге дейін оларды елге қайтару бойынша 14 чартерлік рейс орындалды. Жалпы саны 2818 адам елге қайтарылды", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, Рыспеков 23 наурызға дейін шетелдегі қазақстандықтарды елге қайтару үшін 19 чартерлік рейс жоспарланып отырғанын жеткізді. 

"Бүгін 733 жолаушыны алып келетін 4 рейс жоспарланып отыр. Олар кешке және түнде келеді. Ал жалпы қалған рейстердің саны - 5", - деді төраға міндетін атқарушы.

Ол тұрақты рейстермен Қазақстанға 1879 жолаушының 1695-і оралғанын айтты.

"Оның ішінде 379 азаматты елге қайтару қалды. Оның 319-ы Ресей арқылы 23 наурызға дейін елге әкелу жоспарланып отыр", - деді Дастан Рыспеков.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 53 адамға жетті. Нұр-Сұлтанда - 28, Алматыда - 22, Қарағандыда - 2, Алматы облысында - 1. 

Сондай-ақ, 19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды. Ал 16 наурыздан бастап, елімізде төтенше жағдай жарияланды.

Читайте также

Курс валют

 468.27   534.16   6.13 

 

Погода

Алматы
А
Алматы +34
Астана +33
Актау +31
Актобе +32
Атырау +34
Б
Балхаш +35
Ж
Жезказган +35
К
Караганда +29
Кокшетау +27
Костанай +39
Кызылорда +33
П
Павлодар +26
Петропавловск +33
С
Семей +36
Т
Талдыкорган +38
Тараз +42
Туркестан +28
У
Уральск +32
Усть-Каменогорск +39
Ш
Шымкент +34

 

Редакция Реклама
Социальные сети