ПОДЕЛИТЬСЯ
09 апреля 2020 | 11:25
Үш өңірде қатты желден 400-ге жуық ғимарат қираған
Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин қатты желден Қазақстанда қанша ғимаратқа зақым келгенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин қатты желден Қазақстанда қанша ғимаратқа зақым келгенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, 6-8 сәуірде жылдамдығы секундына 30 метрге жететін қатты жел Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында соққан.
"Салдарынан бұл жерлер жарықсыз қалды. Әртүрлі ғимараттардың шатыры ұшты. Осы уақытта 3 өңірде 395 нысанға зақым келді: Ақмола облысында 210 нысан, Қостанай облысында 92 нысан, Солтүстік Қазақстан облысы 93 нысан. Бұл - әкімшілік, тұрғын-үй ғимараттары", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, қатты желден 2 адам зардап шеккен. Олар Солтүстік Қазақстан облысында. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Сондай-ақ, вице-министр солтүстіктегі 3 өңірге қашан жарық берілетінін айтты
"Бүгін Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жарықты қалпына келтіру жұмыстары аяқталуы керек. Кешкі сағат 18:00-де барлық елді мекен жарықмен қамтамасыз етіледі", - деді Юрий Ильин.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның 3 қаласы сусыз, жылусыз және жарықсыз қалғаны хабарланған. Қостанай, Рудный, Лисаковск қалаларында электр беретін құрылғылар мен ағаштар, билбордтар мен ғимараттардың қаптамасы қираған.
Показать комментарии
Читайте также