30 декабря 2019 | 15:53

Ұшақ құлаған үйдің иесі қазақстандықтарға үндеу жасады

Решет Қалибек

Алматы маңында Bek Air ұшағы құлаған үйдің иесі Решет Қалибек қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы маңында Bek Air ұшағы құлаған үйдің иесі Решет Қалибек қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үйдің қожайыны Fokker 100 ұшағы құлаған күні журналистерге сұхбат бергенін, алайда олардың жарияланым алдында рұқсат сұрамағанын айтты. 

Реклама
Реклама

"Біріншіден, қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамын. Бұлай болады деп кім ойлаған? Содан бері күйзеліс үстінде жүрдім. Өтемақы, ақша туралы ойлайтын уақыт та болған жоқ. Мен әуелі өтемақысын бірінші ойлайтын адам болсам қалада барлық органға жүгініп, заңгер жалдап шапқылап жүрер едім. Бірақ мен ештеңе де істемедім. Мемлекеттік органдар шақырғанда ғана барып, арыз жаз деген соң жазып, қол қой деген жерінде қол қойып жүрдім. Содан бері үйде отырдым. "Бос жүре берме", "артығымен сұра" дейтіндер болды. Оларды тыңдамаймын. Мен ешкімнен осыған дейін ештеңе сұрамадым. Тергеуші жауап алды, әкімдіктегілер арыз жаздыртты. Сонымен тәмам", - дейді тұрғын үйдің иесі.

Решет Қалибек 2006 жылы Қытайдан көшіп келгенін айтты. Қазіргі уақытта әйелі мен баласы бар. Өзі Шелекте үй жалдап тұрып жатыр екен. Ал ұшақ құлаған үйді ол 2014 жылы салып бастаған. Сол уақытта үй салуға болады деген жер учаскесін ол 16 мың долларға сатып алған екен. Баспананың өзін салып бітіргенімен, қаржылай қиындықтар болғандықтан коммуникация: жарық, су жеткізе алмапты. 

Ал апат болған кезде үйінің үстіне ұшақ құлағанын бірінші болып 27 желтоқсанда таңғы уақытта көршісі хабар бергенін айтты.

"Таңғы сағат сегізде көршім телефон арқылы хабарласып, "үйіңе самолет түсіп кетті" деді. Қалжыңы ма деп, сенбедім. Бірақ мессенджер арқылы суретін жолдаған соң есеңгіреп қалдым. Үйден шыға алмай айналып жүрдім де қойдым. Келіншегім де әрең сенді. Өмірде ондай нәрсе болады деп кім ойлаған. Екеуміз де шошып кеттік", - деп еске алады апат болған күнді Қалибек.


Көршісі таңғы уақытта жолдаған сурет. © Решет Қалибек

Решет Қалибек үйдің ендігі тағдыры қалай боларын тіпті ойламағанын да айтып отыр. 

"Шынымды айтсам, ойлағаным да жоқ. Қазір оған мұрша да жоқ, батылымыз бармайды. Ол жақта дым болмағандай тұра беретіндей жүрексіз емеспіз. Тіпті "үйіңе кел, есептейміз, қол қоясың" дегеніне де барғаным жоқ", - дейді ол.

Еске салайық, Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшағы 27 желтоқсанда таңғы уақытта Алматы маңындағы Гүлдала ауылында апатқа ұшыраған. Салдарынан 12 адам қаза тапты, бортта 93 жолаушы болған.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаев Bek Air әуе апатының үш нұсқасын атаған. Ал заңгер әуежай маңына тұрғын үй салуға тыйым салынғанын мәлімдеген. Кейін құрылыс нысанын салудың заңдылығын тексеруді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған.

Bek Air әуекомпаниясын кім басқарады?

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная