22 января 2021 | 12:43

Зейнетақы жинағын алу: ұсталатын салықты қалай төлеуге болады?

© Әлихан Сариев

Зейнетақы жинағынан тұрғын үй үшін ақша алған кезде ұсталатын салықты қалай төлеуге болады? Бұл сұраққа "Отбасы банк" өкілі Расул Рамазанов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Зейнетақы жинағынан тұрғын үй үшін ақша алған кезде ұсталатын салықты қалай төлеуге болады? Бұл сұраққа "Отбасы банк" өкілі Расул Рамазанов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Порталда өтінім берген кезде салықты бірден алуын не зейнетке шыққаннан кейін ай сайын алып тұруды таңдауға болады. Мысалы қазір бір жолғы зейнетақы төлеміңізді алып, ол шамамен 2 миллион теңге болса, 200 мың теңге (10 пайызын) бірден төлей аласыз не зейнетке шыққан кезде сол 200 мың теңгені бөліп төлеп отырсаңыз болады", - деді "Отбасы банк" АҚ Сату және аймақтық даму департаментінің бас менеджері Расул Рамазанов Instagram желісінде өткен онлайн-брифингте.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, егер ақшаны тұрғын үй үшін алса, шешіп алынған ақшаның 10 пайызы салық ретінде ұсталады. 

Тұрғын үй үшін зейнетақы жинағын алу: Жиі қойылатын 10 сұраққа жауап

Биыл 2 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойған еді.

Кейінірек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері зейнетақы жинағының бір бөлігін қалай пайдалануға болатынын түсіндіріп берген болатын. Қордағылар қаражатты нақты қай мақсатта қолдануға болатынына жеке-жеке тоқталған еді.


Зейнетақы жинағының шекті сомасы

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная