Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 января 2021 11:48

Тұрғын үй үшін зейнетақы жинағын алу: Жиі қойылатын 10 сұраққа жауап

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Әлихан Сариев / Tengrinews.kz © Әлихан Сариев / Tengrinews.kz

Ертең, 23 қаңтарда зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайт іске қосылады. Көптеген қазақстандық БЖЗҚ-дағы есебін тұрғын үй алу мақсатында қолдана алады. Tengrinews.kz тілшісі жиі қойылған сұрақтарға жауабын түсіндіреді. 


Ертең, 23 қаңтарда зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайт іске қосылады. Көптеген қазақстандық БЖЗҚ-дағы есебін тұрғын үй алу мақсатында қолдана алады. Tengrinews.kz тілшісі жиі қойылған сұрақтарға жауабын түсіндіреді. 

1. БЖЗҚ-дағы ақшаны үй алу үшін "Отбасы банктегі" депозитке салуға бола ма?

Жоқ. Депозитке аудару қарастырылмаған. 

2. Тұрғын үй салып бастаған азаматтардың үйі жартылай бітпей тұрса, БЖЗҚ-дағы ақшаны сол мақсатта жұмсауға бола ма?

Иә, болады. 

3. Зейнетақы жинақтарындағы есептен жақын туысыңызға пәтер сатып ала аласыз ба?

Иә. Зейнетақы жинақтарыңызды жақын туысыңызға бере аласыз.

4. Анаңыздың есебіндегі ақшаны күйеу баласының атына аударуға бола ма? (Ипотеканы күйеу баласының атына алатын жағдай).

Жоқ болмайды. Сіздің анаңыз зейнетақы қорындағы қаржыны сізге (қызына) аудара алады.

5. БЖЗҚ-дағы ақша арқылы банктердегі кредиттерді жабуға бола ма?

Тек ипотекалық несиені жабуға болады.

6. Неліктен қаражатты қолдануға тек 45 күн беріледі? Үй тауып, құжаттарын реттеуге 45 күн жетпеуі мүмкін. 

Банк мұндай жағдайда алдымен пәтер/үй тауып алып, содан кейін ғана өтінім беруді ұсынады. 

7. 23 қаңтарда өтінім қабылдауға арналған сайт іске қосылса, порталда қашанға дейін өтініш беруге болады? 

23 қаңтарда сайт іске қосылған жағдайда кез келген уақытта өтінім беруге болады. 

8. Егер ақшаны тұрғын үй үшін алса, шешіп алынған ақшаның қанша бөлігі салық ретінде ұсталады? 

Салық сіз шешіп алған ақшаның 10 пайызы

9. Екінші реттік (вторичное) үйді толық сатып алу үшін қандай құжаттар қажет?

Қажет құжаттар тізімі порталда жарияланады. Зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайт 23 қаңтарда іске қосылады деп жоспарланған. 

10. "БЖЗҚ есебінен 8 миллион теңгедей ала аламын. Оны "Отбасы банкіне" сала аламыз ба? Сол қаржыны ары қарай жинай берсек бола ма? Себебі дәл қазір үй алу ойда жоқ". 

Депозитке салу қарастырылмаған. Арнайы есебіңізге аударғаннан кейін 45 күннің ішінде қолдану керек.

Айта кетейік сұрақ-жауап "Отбасы банктің" Instagram желісіндегі жазбасы негізінде жасалды. 

Тұрғын үй үшін зейнетақы жинағын алу ережесі жарияланды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети