04 ноября 2020 | 13:25

Зейнетақы жинағындағы қаржының бір бөлігін қанша қазақстандық ала алады?

Даурен Ерболат Журналист
Фото: elements.envato.com

Мәжіліс депутаттары зейнетақы жинағындағы ақшаның бір бөлігін алуға мүмкіндік беретін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаттары зейнетақы жинағындағы ақшаның бір бөлігін алуға мүмкіндік беретін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыға салынды.

Реклама
Реклама

Отырыста ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов заң жобасы қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Заң жобасында азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту, емделу ақысын төлеу немесе жеке қаржы компанияларының басқаруына беру мақсатында пайдалану үшін түзетулер көзделген. Жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту үшін мемлекеттік білім беру кредиті бойынша түзетулер енгізу ұсынылады", - дейді ведомвство басшысы. 

Зейнетақы қорынан ақшасының бір бөлігін кім және қандай жағдайда ала алады?

Оның айтуынша, заң жобасында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың, толық емес отбасылардың және мүгедектер тәрбиеленетін отбасылардағы балаларды қолдауды қамтамасыз ету мақсатында білім беру гранты бойынша квоталарды кеңейту ұсынылған.

Сонымен қатар, еңбек және халық әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов зейнетақы жинағындағы қаржының бір бөлігін қанша қазақстандық ала алатынын айтты.

"Бұл методика бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қаржы жинаған 700 мыңнан аса адамға қатысты. Жалпы қаржының көлемі - 1,4 триллион теңге. Олар осы қаржыны пайдалана алады. Біз азаматтар бұл мүмкіндікті пайдаланады деген үміттеміз. Бұл олардың құқығы болып саналады", - дейді министрдің орынбасары.

Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Еске салайық, 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная