Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
03 сентября 2020 12:04

Зейнетақы қорынан ақшасының бір бөлігін кім және қандай жағдайда ала алады?

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Үкімет үйінде өткен баспасөз конференциясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін кімдер қандай жағдайда ала алатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Үкімет үйінде өткен баспасөз конференциясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін кімдер қандай жағдайда ала алатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кімдер және қандай жағдайда жинағының бір бөлігін ала алады?

Біріншіден, жұмыс істеген, жұмыс істеп жүрген азаматтар, яғни БЖЗҚ жарналары бар азаматтар.

Егер де олардың жиналған сомасы жеткілікті шегінен асып жатса, жиналған ақшасының бір бөлігін ала алады.

"Бұл жерде негізгі қағидат - зейнетақы қорындағы жиналған ақшамызды болашақ жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемдерге арналған. Президент айтқандай, мақсат оның бәрін таратып беру емес, сондықтан бір бөлігі қалуы тиіс. Одан асқан ақшаны азаматтар шексіз пайдалануға мүмкіндігі бар. Мұндай азаматтардың саны болжам бойынша - 530 мың адам.

Екіншісі зейнет жасына жеткен кісілер, егер оларда жинақтаушы қорында қаражаты бар болса, олар сол қаражаттың 50 пайызына дейін ала алады. Мұндай азаматтар бізде 178 мыңнан асады. Оның ішінде құқық қорғау органдарының зейнеткерлеріне де тарайтын болады. Бұл жерде бір ғана шарт - зейнетке шыққан азаматтардың мемлекеттен алып отырған зейнетақысы мен жинақтаушы қордан алып отырған зейнетақысын қосқан кезде, оның зейнетке шыққан кездегі табысының кемінде 40 пайызынан төмен болмауы керек. Бүгінде елімізде бұл көрсеткіш 63 пайызға жетіп отыр", - деді министр.

Үшіншісі, зейнетақы аннуитетті реттеген (рәсімдеген) азаматтар, егер олар жинақтаушы, мына сақтандыру қорына аударғаннан кейін жинақтаушы зейнетақы қорында қаражаты қалған болса, оларды толығымен алуға болады. Мұндай елімізде 13 300 азамат бар.

Осылай барлығы 721 мың қазақстандыққа осы мүмкіндікті пайдалануына болады.

Жеткілікті шегі деген не және ол қалай есептеледі?

"Жеткілікті шегі деген - бұл есепшотта, зейнетақы шотында қажетті ең төменгі сома. Ол әр азаматтың өз жасына белгіленеді. Ол азамат зейнет жасына дейін тұрақты түрде жарналарды кемінде ең төменгі жалақыдан аударған жағдайда, зейнетке шыққаннан кейін кемінде 82 жасқа дейін кемінде ең төменгі зейнетақы мөлшерінде алуға мүмкіндік беретін сома - қаражаттың көлемі. Сол қаражат бар болса, соның асқанын азамат ала алады", - деді Нұрымбетов.

Жеткілікті шегінің негізгі параметрлері:

Біз бұл жолы әйелдер мен ерлер үшін бірдей, бөлмей бір көрсеткішті белгілеп отырмыз.

Екіншіден, жеткілік шегінің мөлшері жыл сайын есептеліп отырады. Бұл қалыптасқан параметрлер жинақтаушы қорында кірістіріліп, табыстылық деңгейіне, инфляция деңгейіне және ең төменгі төлем мөлшерінің өзгеруіне қарай есептелініп отырады.

Бұл жеткілікті шегінің мөлшері 20 жастан бөлек есептеледі.

Алдын ала есептеулер бойынша, мысалы, бүгінде 30 жастағы азаматтың есепшотында жеткілікті шегі - 2 миллион 518 мың теңге.

Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, былтыр жасалған алдыңғы нұсқалар бойынша 30 жастағы ер азаматқа 6 миллион 700 мың, әйелге 9 миллион 600 мың деп айтқанбыз. Мұны қазір қайта қарап, 30 жастағы әйелге де, ерге де 2 миллион 518 мың қылдық. Бұл дегеніңіз жеткілікті шегі 3-4 есе төмендеп отыр.

Әрі қарай жас бойынша сатылап айтсақ,

35 жастағы 2 миллион 961 мың теңге,

40 жастағы 3 миллион 437 мың теңге,

45 жастағы 3 миллион 947 мың теңге,

50 жастағы 4 миллион 495 мың теңге, 

55 жастағы 5 миллион 84 мың теңге,

59 жастан жоғары 5 миллион 586 мың теңге сома қажет. Бұл жеткілікті шегі, бұдан асқан сомаларды өз еркімен ала алады.

Үшінші мәселе, тұрғын үй жағдайын жақсартуға кімдер қандай жағдайда, қандай мақсатта ала алады?

"Жоғарыда аталған санаттағы азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында немесе өздері, ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстары. Жақын туыстарына заңнама бойынша ата-әжесі, ата-анасы, балалары, немерелері, аға-інілері үшін емделудің ақысын төлеу үшін пайдалана алады. Мақсатты пайдалану үшін осы отбасы мүшелерінің қаражатын біріктіруге болады", - деді ол.

Белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда алып қою саны бойынша шектеулер көзделмеген, яғни азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін бір немесе басқа мақсатқа қайта пайдалана алады.

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану тұрғын үй (бастапқы және қайталама нарықта) немесе жер учаскесін сатып алу, ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру немесе өтеу (кез келген екінші деңгейдегі банкте, кез келген бағдарлама бойынша), өз тұрғын үйін салу немесе жөндеу мүмкіндігін және тұрғын үй жағдайларын жақсартудың басқа да нұсқаларын көздейді.

Бір ғана шектеу зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып сатып алынған тұрғын үй 5 жыл өткеннен кейін ғана сатылуы мүмкін.

"Бір терезе" қағидаты бойынша зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жасқартуға мақсатты пайдалануға Уәкілетті оператор ретінде қайта құрылатын "Отбасы Банкі" ("Тұрғын үй жинақтаушы банкі"АҚ – ТҮҚЖБ) ұсынылады. Зейнетақы жинақтарын төлеу есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту тәртібін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекітеді.

Төртінші мәселе, емделуге пайдалану

"Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін емделу төлеміне пайдалану үшін салымшы Денсаулық сақтау басқармалары (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар) жанынан арнайы құрылған комиссияларға жүгінеді деп болжануда. Медициналық көмек көрсету қажеттілігі туралы комиссияның қорытындысын алғаннан кейін, емделуден өту үшін клиниканы таңдағаннан кейін салымшы емделуге ақы төлеу үшін төленген зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалану жөніндегі өтініммен уәкілетті операторға (ҚР Үкіметі айқындайтын болады) жүгінеді", - деді еңбек министрі.

Зейнетақы жинақтарын төлеу есебінен медициналық көмек алуға азаматтарды жіберу қағидаларын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі айқындайтын болады.

Бесінші мәселе салымшы зейнетақы жинақтарын басқаруға беру үшін жеке қаржы компаниясын таңдауды БЖЗҚ-ға өтініш беру арқылы жүзеге асырады.

Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі айқындайтын болады.

"Бұл тәсілдерді Мемлекет басшысы қолдады. Оларды іске асыру үшін ағымдағы жылдың соңына дейін барлық тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылданып, дайындық жұмыстары жүргізілетін болады. 2021 жылдан бастап жоғарыда аталған санаттағы азаматтар БЖЗҚ-дағы жинақтардың бір бөлігін мақсатты пайдалану үшін алу құқығын іске асыра алады", - деп түйіндеді министр.

Еске салайық, 1 қыркүйекте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырды және бала таба алмай жүрген отбасыларға қалай көмек көрсетілетінін айтты

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети