28 декабря 2020 | 17:02

Зейнетақы жинағының бір бөлігін алдын ала алу механизмі қаңтарда дайын болады - министрлік

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмади Cарбасов зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алу механизмі қаңтарда дайын болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмади Cарбасов зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алу механизмі қаңтарда дайын болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, қымбат емдеуге төлеуге немесе жеке қаржы компаниялары басқаруы үшін беруге пайдалану мүмкіндігін беру жөніндегі тапсырмасы орындалуда. Осы мақсатта "ҚР кейбір заңнамалық актісіне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы шеңберінде қажетті заңнамалық түзетулер пысықталып, 23 желтоқсанда Парламентте қабылданды", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмади Cарбасов ОКҚ онлайн-брифингте.

Реклама
Реклама

Зейнетақы жинағындағы қаржының бір бөлігін қанша қазақстандық ала алады?

Вице-министр зейнетақы жинағанынан ақшаның бөлігін мерзімінен бұрын алудың механизмі қаңтарда дайын болады деп жоспарланғанын атап өтті.

"Үкімет зейнетақы төлемдерін нысаналы пайдалану жөніндегі өкілетті операторды айқындайды. Бірінші кезеңде "Отбасы банк" ұсынылады. Тұрғын үй жағдайын жақсарту, қымбат емдуледі төлеу үшін зейнетақы төлемдерін төлеудің қағидаларын бейінді министрліктер әзірлейді және бекітеді. Олар - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігі. Қаңтарда заңды іске асыруға қажет барлық нормативтік-құқықтық актілер қабылданады деп күтудеміз және біз азаматтарға зейнетақы жинағының бөлігін шешіп алуға болатын құқығын ұсынудың толық механизмін бастаймыз", - деді вице-министр.

Зейнетақы жинағынан алған ақшаның салығын зейнетке шыққан соң төлеу ұсынылды

Еске салайық, 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырған еді.

Парламент зейнетақы жинағынан ішінара ақша алу туралы заңға түзетулерді қабылдады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная