РЕЙТИНГ ДЕПУТАТОВ СЕНАТА
23 декабря 2020 | 10:51

Парламент зейнетақы жинағынан ішінара ақша алу туралы заңға түзетулерді қабылдады

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Tengrinews.kz Фото Tengrinews.kz

Зейнетақы жинағының бөлігін тұрғын үйді жақсартуға, емделуге немесе жеке қаржы компанияларының басқаруына беруге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Зейнетақы жинағының бөлігін тұрғын үйді жақсартуға, емделуге немесе жеке қаржы компанияларының басқаруына беруге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, кеше Сенат депутаттары заң жобасына түзету енгізу үшін Мәжіліске қайтарған болатын. 

Мәжіліс депутаттары заң нормасына Сенат енгізген түзетулермен келісті:

  • Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген тұлға мен заңды тұлға, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында тіркелген заңды тұлға арасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша инвестициялар туралы келісім жасасу туралы;
  • Ұлттық банктің валюталық реттеу, ақша-кредит статистикасы және қаржы нарығының статистикасы, қолма-қол ақша айналымы, төлемдер мен төлем жүйелері, қаржылық тұрақтылық, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинау және өңдеу жөніндегі өкілеттіктерін толықтыру;
  • синдикатталған қаржыландыру шарттарын регламенттеу;
  • зейнетақы жинақтары осы инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруында болған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшыларға кейіннен аудару үшін инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталы есебінен зейнетақы активтері кірістілігінің барынша төмен мәні арасындағы теріс айырманы өтеуді талап етуге құқылы.

Заң бойынша, азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін Тұрғын үй сатып алу және ем үшін пайдалану құқығы белгіленеді.

Заң Президентке қол қоюға жіберіледі.

Айта кетейік, 1 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалана алатынын мәлімдеген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 517.81  course up  542.31  course up  5.25  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer