ПОДЕЛИТЬСЯ
03 сентября 2020 | 13:02
Зейнетақы қорынан ақшаның бөлігін қандай мақсатта алуға болады?
Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін үш мақсатта ала алатыны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін үш мақсатта ала алатыны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2021 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағының бөлігін үй алу (ипотека рәсімдеу/өтеу, жер учаскесін сатып алу), емделу үшін пайдалана алады, қаржы ұйымдарының басқаруына бере алады.
Тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу мақсатында жұмсай алады
Азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында немесе өздері, ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстары үшін ала алады.
Заңнама бойынша жақын туыстары - ата-әжесі, ата-анасы, балалары, немерелері, аға-інілері үшін емделудің ақысын төлеу үшін пайдалана алады.
Мақсатты пайдалану үшін осы отбасы мүшелерінің қаражатын біріктіруге болады.
Белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда алып қою саны бойынша шектеулер көзделмеген, яғни азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін бір немесе басқа мақсатқа қайта пайдалана алады.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану тұрғын үй (бастапқы және қайталама нарықта) немесе жер учаскесін сатып алу, ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру немесе өтеу (кез келген екінші деңгейдегі банкте, кез келген бағдарлама бойынша), өз тұрғын үйін салу немесе жөндеу мүмкіндігін және тұрғын үй жағдайларын жақсартудың басқа да нұсқаларын көздейді.
Бір ғана шектеу зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып сатып алынған тұрғын үй 5 жыл өткеннен кейін ғана сатылуы мүмкін.
"Бір терезе" қағидаты бойынша зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жасқартуға мақсатты пайдалануға Уәкілетті оператор ретінде қайта құрылатын "Отбасы Банкі" ("Тұрғын үй жинақтаушы банкі"АҚ – ТҮҚЖБ) ұсынылады. Зейнетақы жинақтарын төлеу есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту тәртібін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекітеді.
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін емделу төлеміне пайдалану үшін салымшы Денсаулық сақтау басқармалары (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар) жанынан арнайы құрылған комиссияларға жүгінеді деп болжануда.
Медициналық көмек көрсету қажеттілігі туралы комиссияның қорытындысын алғаннан кейін, емделуден өту үшін клиниканы таңдағаннан кейін салымшы емделуге ақы төлеу үшін төленген зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалану жөніндегі өтініммен уәкілетті операторға (ҚР Үкіметі айқындайтын болады) жүгінеді.
Зейнетақы жинақтарын төлеу есебінен медициналық көмек алуға азаматтарды жіберу қағидаларын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі айқындайды.
Қаржы ұйымдарының басқаруына беру
Салымшы зейнетақы жинақтарын басқаруға беру үшін жеке қаржы компаниясын таңдауды БЖЗҚ-ға өтініш беру арқылы жүзеге асырады. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі айқындайтын болады.
Бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы қорынан ақшасының бір бөлігін кім және қандай жағдайда ала алатынын түсіндірді. Сондай-ақ министр бұл ақшаны қашаннан бастап алуға болатынын айтты.
Еске салайық, 1 қыркүйекте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырды және бала таба алмай жүрген отбасыларға қалай көмек көрсетілетінін айтты.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также