04 февраля 2020 | 10:29

Министр қандай тауарлар екі есе қымбаттауы мүмкін екенін айтты

© elements.envato.com

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қандай тауарлар екі есе қымбаттауы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қандай тауарлар екі есе қымбаттауы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұлтанов ішкі нарықты отандық азық түлікпен қамтамасыз ету қажетін айтты.

Реклама
Реклама

"Біз жоғары импортқа тәуелділікті талдап, анықтадық. 8 тауар тәуекел тобына кірді. Олар бойынша импорт үлесі 15 пайыздан асады. Мұның ішінде қант, ірімшік, сүзбе, құс еті, күнбағыс майы және тағы басқа азық-түлік өнімдері бар. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, тауарлардың 5-7 пайызына аздаған тапшылығы алып-сатарлықтың себебінен бағаның 1,5-2 есеге өсуіне әкеп соғуы мүмкін", - деді ол Үкімет отырысында.

Министр ведомствоның әлеуметтік маңызы бар тауарларды өндірушілердің барлық қауымдастығымен кездесулер өткізгенін айтып өтті. Осыған байланысты Сұлтанов Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, осы тауарлардың өндіріс көлемін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.

Мұның алдында министр Қытайдағы жағдайға байланысты отандық бизнесмендердің азық-түлік бағасын негізсіз көтеріп отырғанын айтты. "Өкінішке қарай, бүгінгі таңда көптеген сатушы Қытаймен шекара жабылғанын сылтау етіп, азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтеріп отыр. Осыған байланысты Қытаймен тауар қозғалысы тоқтамағанын мәлімдейді. Бұл - жосықсыз бизнес. Бағаны себепсіз көтеруге болмайды", - деген еді Сұлтанов.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная