ПОДЕЛИТЬСЯ
13 июля 2020 | 15:46
Коронавирус жұқтырып, айыққандар тыныс алу гимнастикасын жасауы керек - дәрігер
Коронавирус жұқтырып, ауруханадағы емдеу курсынан кейін науқастар үйде тыныс алу гимнастикасын жасауы керек. Мұндай жаттығулар өкпенің терең тыныс алуына көмектеседі. Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы, профессор, Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы Сәуле Қасенова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Коронавирус жұқтырып, ауруханадағы емдеу курсынан кейін науқастар үйде тыныс алу гимнастикасын жасауы керек. Мұндай жаттығулар өкпенің терең тыныс алуына көмектеседі. Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы, профессор, Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы Сәуле Қасенова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Профессордың айтуынша, коронавирус жұқтырып ауырғандар стационардағы емнен кейін үйде реабилитация кезінде тыныс алу гимнастикасын жасауы керек.
"Стационардан жазылып шыққан әйел (науқас - авт.) тек дәріге үміт артпауы керек. Өкпені коронавирус зақымдаса, тыныс алу органдары үшін реабилитацияның маңызы зор. Сондықтан біз науқастарымызға тыныс алу гимнастикасын жасауға кеңес береміз. Бұл - өкпенің терең тыныс алуы үшін ең қарапайым жаттығулар. Бұл жаттығуларды үйде жүйелі түрде жасау керек. Кейде тіпті күніне үш рет 15-20 минуттан. Бірақ міндетті түрде өкпе тыныс алуы керек", - деді профессор ОКҚ өткен онлайн-брифингте.
Дәрігердің айтуынша, коронавирус жұқтырып, жазылғаннан кейін қазақтың ұлттық сусындарын және кей шөптен жасалған тұнбаларды ішудің де маңызы зор. Себебі олар иммунитетті көтереді.
"Реабилитацияны айтқан кезде республикамызда бәріне қолжетімді халық медицинасының әдістерін де қолдануды атап өту керек. Қымыз, шұбат секілді ұлттық сусындарымыздың шипасы зор. Науқастарда панкреатит немесе асқазанда қандай да бір жара болмаса, осыларды ішуге болады. Себебі бұл сусындар дәрумендерге, микроэлементтерге бай. Олар денсаулықты қалпына келтіруге көмектеседі. Коронавирус инфекциясы ағзаға үлкен стресс болады. Яғни реактивность өте төмен болып қалады. Сондықтан осы сусындарды ішуге кеңес беретін едім. Тағы өкпені тазартуға шөптен жасалған тұнбаларды: пармелия, қызылмия тамырлары т.б.", - деді пульмонолог.
Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирустың ешқандай симптомы болмаса, дәрі ішудің керегі жоғын айтқан. Сондай-ақ денсаулық сақтау министрі Алексей Цой антибиотиктердің бауыр мен бүйрекке зиянын ескерткен.
Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 59 899-ға жетті. 34 190 науқас аурудан айықты, 375 адам аурудан қайтыс болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также