Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
07 июля 2020 12:51

"Бүйрекке, бауырға зияны бар". Министр ауыр антибиотиктерді ішпеу керегін ескертті

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Адамдар жөтел пайда болса да, ауыр антибиотиктер іше береді. Ол бауыр мен бүйрекке зиян. Сондықтан орынсыз ішуге болмайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Адамдар жөтел пайда болса да, ауыр антибиотиктер іше береді. Ол бауыр мен бүйрекке зиян. Сондықтан орынсыз ішуге болмайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желіде көптеген жалған рецепт бар, жалған ұсыным көп. Оның салдары жаман күйге әкеп соғуы мүмкін. Симтомпсыз науқастар да психологиялық тұрғыдан барып дәрі ішеді, көптеген антибиотик ішеді, температура жоқ болса да, дене қызуын түсіретін дәрілер ішеді, витаминдер ішеді. Тіпті дозасын үлкейтіп ішіп алады. Бұлай істеуге болмайды", - деді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.

Министр антибиотиктердің бауыр мен бүйрекке қатты зиян екенін, бұл препараттарды тек дәрігердің ұсынымы бойынша ішу керегін ескертті.

"Егер симптомдар болса, нақты қандай дәрілерді амбулаторлық жағдайда, яғни үйде ішуге болатыны туралы емдеу ұсынымы бар. Сол бойынша ішу керек. Өздігінен ішуге болмайды. Мысалға, алувия секілді препараттар бар. Жеңіл формада, жөтел енді пайда болғанда адамдар осындай препараттарды әлеуметтік желілерден заңсыз алыпсатарлардан алады, ішеді. Олар нарықта контрабандалық форматқа шығады. Сосын үйде ішеді. Оны ішуге болмайды. Тек дәрігердің рецептімен ішу керек. Оның салдары жаман болуы мүмкін, бауыр мен бүйрекке зиян. Сондықтан біздің дәрігерлеріміз де әлеуметтік желілердегі дүрбелеңді уайымдайды", - деді министр.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Президентке видеоүндеу жолдаған шымкенттік дәрігермен сөйлескенін айтқан.

Ал денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирустың ешқандай симптомы болмаса дәрі ішудің керегі жоғын ескертті. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети