ПОДЕЛИТЬСЯ
21 августа 2020 | 18:25
Коронавирустың неше толқыны болуы мүмкін? Мамандар пікірі
Бүгін әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 22 миллион 697 мыңнан асты. Өткен тәулікте 280 мыңнан аса адам COVID-19 жұқтырды. 14,47 миллион науқас дертінен айықса, 792 мың 708 адам қайтыс болған. Пандемия 188 мемлекетке тараған. Кейбір сарапшылардың пікірінше, әлемде коронавирустың екінші толқыны болып жатыр. Ал жапониялық мамандар вирустың үшінші толқыны болатынын ескертті. СOVID-19 вирусы қашан тоқтайды? Жаһанда коронавирустың қанша толқыны болуы мүмкін? Бұл сұрақтарға Tengrinews.kz тілшісі жауап іздеп көрді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 22 миллион 697 мыңнан асты. Өткен тәулікте 280 мыңнан аса адам COVID-19 жұқтырды. 14,47 миллион науқас дертінен айықса, 792 мың 708 адам қайтыс болған. Пандемия 188 мемлекетке тараған. Кейбір сарапшылардың пікірінше, әлемде коронавирустың екінші толқыны болып жатыр. Ал жапониялық мамандар вирустың үшінші толқыны болатынын ескертті. СOVID-19 вирусы қашан тоқтайды? Жаһанда коронавирустың қанша толқыны болуы мүмкін? Бұл сұрақтарға Tengrinews.kz тілшісі жауап іздеп көрді.
"Коронавирус жойылмауы мүмкін"
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының өкілі Майкл Райан әлемде коронавирус инфекциясы ешқашан жойылмауы мүмкін екенін айтады. Тіпті, COVID-19-ға қарсы вакцина шыққан күннің өзінде вирусты тежеу үшін көп күш керек.
"Мұны бірден ашып айтқан дұрыс. Бұл өзге жұқпалы вирустар сияқты тұрақты вирусқа айналып, ешқашан жойылмауы мүмкін", - дейді ДСҰ өкілі.
Коронавирус қай елдерде қайта өршіп жатыр?
"Ешкім қатерден құтылмайды"
Сондай-ақ, ол пандемияның ұзаруына байланысты қарт адамдарға қамқорлық жасауды күшейтуге шақырды.
"Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының бас директоры бәрі қауіпсіз болмайынша, ешкім қатерден құтылмайды деп айтқан. Шын мәнінде ең әлсіз адамдарға қамқорлық жасауға, оларды қорғауға міндеттіміз", - дейді Майкл Райан.
Коронавирус: әлем қалыпты өмірге қашан оралады?
"Үшінші, төртінші толқын болуы мүмкін"
Ал жапониялық ғалымдар коронавирустың үшінші толқыны болуы мүмкін екенін жеткізді.
"Бүгінде Жапония екінші толқынның ортасында. Алдағы уақытта жағдайды мұқият бақылау керек. Вирусты жұқтыру шыңынан өтіп жатырмыз, бірақ тағы да өсім болмауын қамтамасыз ету қажет. Коронавирустың үшінші, төртінші толқыны да болуы мүмкін. Осындай жағдайдағы өмірге бейімделуіміз керек", - деді Жапония инфекционистер қоғамының төрағасы Кадзухиро Татэда NHK-ге берген сұқбатында.
"Болжам қате болды". Коронавирустың екінші толқыны басталған елдер
"Қазақстандағы жаңа толқынға дайындалып жатырмыз"
Елімізде соңғы айда эпидемиологиялық ахуал тұрақталып, 17 тамыздан карантин талаптары жеңілдеді. Осыған қарамастан Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пандемиясы аяқталмағанын ескертіп, күзгі маусым қарсаңында дәрі-дәрмекпен қамту мәселесін шешу керегін айтты.
"Коронавирус пандемиясы аяқталған жоқ. Біз қазан айында тұмау және жедел респираторлы вирустық инфекциялармен бірге болуы мүмкін жаңа толқынға дайындалуымыз керек. Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы билікпен бірлесе алдағы маусымға әзірленіп жатыр", - деп жазды ол Facebook парақшасында.
Ғалымдар коронавирус туралы қандай болжам айтып отыр?
"13 жұқпалы аурухана салынады"
Алексей Цой ведомствоаралық комиссия 2,7 мың төсек-орны бар 13 жұқпалы аурулар ауруханасын салу туралы шешім қабылдағанын атап өтті. Оның айтуынша, стационарлар Алматы, Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстары мен Алматыда пайда болады.
"Әкімдіктер жер учаскелерін бөлді, мердігер ұйымдар таңдалып жатыр. Қаржы жұмыспен қамтудың жол картасы және жергілікті бюджеттегі үнемделген қаржы есебінен жасалады. Әр инфекциялық аурухананың құнын әр әкімдік жеке анықтайды. Ауруханалар қазанда дайын болуы тиіс", - деді министр.
Соңғы мәліметке сәйкес, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 104 071-ге жетті. 87 920 науқас айықты, 1481 адам қайтыс болды.
Коронавирустың қанша толқыны болуы мүмкін?
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Маргарет Харрис коронавирус инфекциясы маусымдық ауру емес екенін мәлімдеді. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігі хабарлады.
"Коронавирусная инфекциясы маусымдық ауру емес. Пандемияның екінші, үшінші толқынын күтудің қажеті жоқ. Бір үлкен толқын (COVID-19 туралы - автор) болады. Ол күшейіп, әлсіреп отырады", - дейді Маргарет Харрис Женевада өткен брифингте.
Сондай-ақ, ресми өкіл вирус алдағы уақытта кетпейтінін жеткізді.
"Адамдар әлі табиғат мезгілдері туралы ойлап жүр. Біз бұл вирустың жаңа түрі екенін ескеруіміз керек. Ол өзін басқаша "ұстайды". Бұл вирус кез келген ауа райын жақсы көреді", - дейді Маргарет Харрис.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также