Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 августа 2020 12:44

Коронавирус: әлем қалыпты өмірге қашан оралады?

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 22 миллионнан асты. 14 миллион науқас дертінен айықты, 777 мың адам қайтыс болды. СOVID-19 вирусы бизнес саласына да кері әсерін тигізді. Жаһандық экономика өсімі бәсеңдеп, жұмыссыздар саны айтарлықтай өсті. Коронавирус пандемиясы қашан аяқталады, әлем халқы қалыпты өмірге қашан оралады? Бұл сұрақтарға Tengrinews.kz тілшісі жауап іздеп көрді.


Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 22 миллионнан асты. 14 миллион науқас дертінен айықты, 777 мың адам қайтыс болды. СOVID-19 вирусы бизнес саласына да кері әсерін тигізді. Жаһандық экономика өсімі бәсеңдеп, жұмыссыздар саны айтарлықтай өсті. Коронавирус пандемиясы қашан аяқталады, әлем халқы қалыпты өмірге қашан оралады? Бұл сұрақтарға Tengrinews.kz тілшісі жауап іздеп көрді.

"34 миллион адам кедей өмір сүреді"

Біріккен Ұлттар ұйымы экономистерінің болжамынша, пандемия салдарынан әлемдегі экономика өсімі 3,2 пайызға төмендейді. Сондай-ақ, алдағы екі жылда әлем елдері шамамен 8,5 триллион доллар табыстан айырылады. 2020 жылы 34 миллионнан аса адам кедейліктің шегінде өмір сүруі мүмкін. Бұл туралы "Анадолы" агенттігі хабарлады.

"Бір күнде 139 миллиард доллардан айырылды"

Сонымен қатар, биылғы ақпанда әлемдегі ең бай 500 адам бір күнде жалпы 139 миллиард доллардан айырылған. Bloomberg сайтының мәліметінше, оған себеп - пандемия салдарынан 24 ақпанда қор нарығының құлдырауы.

"Карантин кезінде 1,3 миллион қазақстандық жұмыссыз отырды"

СОVID-19 вирусы Қазақстанға да кері әсірін тигізді. Елде 103 571 адам коронавирус жұқтырды. 86 286 науқас дертінен айықты, 231 адам аурудан қайтыс болды. Бизнеске де ауыртпалық түсті. Карантин кезінде 1,3 миллион қазақстандық жұмыссыз отырған.

"830 мың бизнес нысаны осы күнге дейін жұмыс істемеді. Шамамен 1,3 миллион адам жұмыссыз отырды. Енді осы қабылданған шараларға байланысты көптеген бизнестің түрі жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Яғни 17 тамыздан бастап", - дейді "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев.

"Жұмыссыздар саны 8,5 есе өсті"

Сондай-ақ, осы аптада еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елімізде пандемия кезінде жұмыссыздар саны айтарлықтай өскенін мәлімдеді. 

"Тұрғындар электронды еңбек биржасын белсенді түрде пайдаланып жатыр. Мысалы, бос орындар саны 8,5 есеге артты. 7 ай ішінде 330 мың жұмыссыз жүрген қазақстандық жұмыс тапты. Оның 57 пайызы - тұрақты жұмыс орны. Жұмыс табу үшін олар жұмыспен қамту орталығына келеді", - деді министр Үкімет отырысында.

Коронавирус пандемиясы қашан аяқталуы мүмкін?

11 тамызда Ресей Президенті Владимир Путин елде коронавирусқа қарсы вакцина дайындалғанын мәлімдеді. Вакцинаны бірінші болып, мемлекет басшысының қызы алды. Алайда сарапшылар ресейлік вакцинаның асығыс жасалғанын айтып, сыни пікірін айтты. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдері жаңа вакцинасының қауіпсіздігі мен тиімділігі мұқият зерттелуі керек екенін мәлімдеді.

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстің айтуынша, пандемия 2,5 жылдан соң аяқталуы мүмкін.

"Менің ойымша, байлар бұл қиындықты 2021 жылдың соңына қарай еңсереді. Ал жалпы әлем оны 2022 жылдың соңында жеңеді. Барлығы инновацияның арқасында мүмкін болмақ. Бірақ біз бұл қиындықты еңсергенімізбен безгек, полиомиелит, АИТВ (ВИЧ) ауруларымен күресіміз", - дейді Гейтс Wired басылымына берген сұхбатында. 

Сингапур технология және дизайн университеті ғалымдарының болжамынша, СОVID-19 пандемиясы әлемде 2020 жылдың аяғында аяқталуы ықтимал.

Ғалымдар коронивирус инфекциясының таралу аумағын математикалық әдіспен есептей келе осындай қорытындыға келіпті. Олардың мәліметіне сәйкес, АҚШ-та пандемия күзде, ал Ұлыбританияда тамыздың аяғында аяқталуы мүмкін. Алайда ғалымдар бұл деректер тек болжам екенін ескертеді.

 "Оқырмандар кез келген болжамды сақтықпен қабылдағаны жөн. Кейбір болжамдарға негізделген оптимизм қауіпті болуы мүмкін. Себебі, сақтық шараларын елемеу ауру өсіміне әкеп соғады", - делінген есепте.

Ал ұлыбританиялық журналист Эд Йонг коронавирус инфекциясынан құтылудың 3 жолы барын айтты.

"Біріншісі, барлық мемлекет 2003 жылы SARS вирусымен күрескендей, бір уақытта күреседі. Екіншісі, адамның иммунитеті бұл вирусқа "үйренеді". Үшіншісі, вакцина табылғанша вирус әлемнің кез келген жерінен шыға береді. Сондықтан ең дұрыс нұсқасы осы - вакцина табу. Оған дейін пандемия басылса да, тоқтамауы мүмкін", - деп жазды журналист The Atlantic басылымындағы мақаласында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети