ПОДЕЛИТЬСЯ
24 мая 2019 | 10:52
"Рух беріп, жаныңды емдейтін әнші". Димаш Құдайберген 25 жаста
Бүгін өнеріне бүкіл әлем тәнті болған Димаш Құдайбергеннің туған күні. Қазақстандық әнші 25 жасқа толып отыр. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі Димаштың балалық шағынан бастап бүгінге дейін жетістіктеріне шолу жасады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін өнеріне бүкіл әлем тәнті болған Димаш Құдайбергеннің туған күні. Қазақстандық әнші 25 жасқа толып отыр. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі Димаштың балалық шағынан бастап бүгінге дейін жетістіктеріне шолу жасады.
5 жасында ән салған
Қазіргі таңда миллиардтаған жанкүйері бар Димаш Құдайберген Ақтөбеде дүниеге келген. Үйдің тұңғышы болғандықтан, ескі қазақы салтымен ата-анасының емес, атасы мен әжесінің қолында өскен. Алғаш рет спектакльде ойнаумен таныла бастаған. Бес жасында музыкалық колледж сахнасында алғаш әнші ретінде ән салған. Алты жасында "Айналайын" республикалық байқауының "Фортепиано" номинациясында жеңімпаз атанып, 10 жасында облыстық іс-шараларда жүргізуші болған.
Айта кетейік, әншінің ата-анасы - Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Қанат пен Света Айтбаевтар. Болашақ жұлдыз бес жасында балаларға арналған музыкалық студияның фортепиано және вокал сыныбында оқыған.
"Үйде бір пианино тұратын (...). Димаш үнемі сол пианинода ойнап, дайындалатын. Содан студиядағы сабақтардың бірінде Димаш оқытушысына барып "Үйімде тұрған пианино маған мүлде ұнамайды, басым ауырып кетеді" деп айтқан. Сонда Димаш небәрі 5 жаста ғой. Сол кездің өзінде ол аспаптың ақауы бар екенін аңғарған", - деген еді сұхбаттардың бірінде Димаштың анасы.
4 нота мен 1 жарты тонды қамтитын вокалдық диапазоны кең Димаш 2014 жылы Ақтөбедегі Жұбанов атындағы музыкалық колледжді "Академиялық ән орындау" бойынша тәмамдаған. Кейінірек Нұр-Сұлтандағы Қазақ Ұлттық Өнер университетіне түседі.
Димаш енді Бибігүл Төлегеновамен дуэт айтуды армандайды
Ол халықаралық байқауларға қатыспай тұрып, "Жас қанат - 2012", "Саз әлемі" сияқты тележобаларда өнер көрсетіп жүрді. Ал 2015 жылы Беларусьте өткен "Славян базарынан" жеңіп алған бас жүлдесі Димашты одан да танымал ете түскені сөзсіз. Шетелдік жанкүйерлері "Бұл неткен фантастикалық дауыс!", "Бұл жігітті қазақтың Витасы деуге болады" деп таңданыс білдірген еді.
Қазіргі уақытта Димаштың репертуарында "Ой жайлау", "Қараторғай", "Ұмытылмас күн", "Еркелетейін" және тағы басқа әндері бар. Белгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызымен бірге жаздырған "Аққуым" әнін де тыңдармандар өте жылы қабылдады. Димаш енді Бибігүл Төлегеновамен дуэт айтуды армандайды екен. Айта кетейік, "Славян базарына" кетер алдында Бибігүл Ахметқызы оған ақ батасын берген.
"Адай" күйі мен "Дайдидауды" миллиардтар тыңдады
Димаш Құдайбергенов қатысқан ірі жобалардың бастысы I am a Singer байқауы деуге болады. 2017 жылы Қытайдағы I am a Singer байқауының бірінші кезеңінде-ақ SOS d'un terrien en détresse әнін орындап, жеңімпаз атанған еді. Ал байқаудың 7-кезеңінде бастапқыда "Адай" күйін тартып, кейін қазақ әні "Дайдидауды" ҚазҰӨУ ұлттық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен шырқап, тыңдармандарын тәнті еткен болатын.
"Дайдидауды" айтпас бұрын бар xалыққа Құрманғазының "Адай" күйін тарттым! Бұл менің xалқыма, бар жанкүйерлеріме арнайы тосын сыйым болатын! Миллиардтар қазақ күйінің үніне құрмет көрсетіп, қошемет білдірді!.. Мақсатым осы болатын...", - деген еді Димаш.
Ал байқаудың финалында әнші Майкл Джексонның орындауындағы әнді айтқан еді.
"Тәңір өз назарына алған жас әнші"
Димаш Қытайдың I am a Singer байқауына қатысып жатқан кезде жергілікті басылымдағылар Димаш Құдайбергенов біраз жазған болатын. Олар Димашты "Тәңір өз назарына алған жас әнші" деп сипаттаған еді.
Қытай тілінде басылған жазбадан: "Шоуға Қытай әншілері қатысады, ал Қазақстаннан Димаш есімді әнші келген. Димашқа қытай сарапшылары "талантты, қабілетті әнші" деп баға берді. "Ол француздың ең қиын әнін орындады. Қытай халқы Димашты қошеметпен қарсы алды. Димаш - Тәңір өз назарына алған жас әнші (称为“天才少年”的迪马西 一出台就放大招)" деген сөздерді оқуға болады. Теленұсқа жарыққа шықпаса да, әлеуметтік желіде Димаштың қытай тілінде айтқан әні кең тарады.
Осылайша, бүгінде Димаштың Global Chinese Golden Chart Awards (Қытай) аясындағы "Жыл әртісі" премиясының иегері, Бейжіңдегі жыл сайынғы Weibo премиясының "Жылдың жаңа музыкалық күші" номинациясы иегері, IQIYI Awards нұсқасы бойынша "Жылдың ең танымал әнші жігіті" атағының иегері және тағы да басқа көптеген жетістігі бар.
Мен "Екінші Витас" емеспін
Қазақстандық әнші I Am a Singer байқауына қатысып жатқан қазақстандық әнші оны Витаспен салыстыратындардың көп екенін мәлімдеген еді. Айта кетейік, Димаш байқаудың екінші кезеңінде Витастың "Опера-2" әнін орындаған болатын. "Әрине, Витас жақсы әнші, оны құрметтеймін, бірақ мен "Екінші Витас" емеспін! Музыкадан xабары бар мамандар мені жақсы түсінеді!" деп жазған еді әнші.
Осы туралы әлеуметтік желілерде қызу талқыланған болатын.
Есте қалған ерекше күн
Былтыр желтоқсанда Димаш Құдайберген Қытайда атақты актер Джеки Чанмен кездескен болатын. Айтуынша, бала кезінен бері келе жатқан сүйікті актері оған өз ақыл кеңестерін беріп, шығармашылығын бақылайтынын жеткізген. Сондай-ақ, кездесу барысында қазақстандық әнші Джеки Чанға қазақ шапанын сыйлаған болатын.
"Бүгін менің өмірімде тариxи есте қалатын ерекше күн! Атақты актер Джеки Чан мырза мені теледидардан көріп, кездесуге шақырды! Кездесуде актер маған өзінің эксклюзив күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты! Ал мен актерге қазақтың шапанын жауып, домбыраны сыйға тарттым!", - деген еді әнші.
"Димаш ресейлік тыңдармандарды жаулап алуымен тарихқа енеді деп ойлаймын"
Сонымен қатар, қазақстандық әнші былтыр қарашада әнші "Бірінші арнадағы" ресейлік "Что? Где? Когда?" телеойынында өнер көрсетті. Онда ресейлік композитор Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен "Любовь уставших лебедей" әнін орындаған болатын.
НТВ эфиріндегі әннен кейін Игорь Крутой Димаштың алдағы уақытта Ресей жұртшылығының зор ықыласына бөленетінін мәлімдеген еді. "Бүгінгі күн Димаштың ресейлік тыңдармандарды жаулап алуымен тарихқа енеді деп ойлаймын" деген еді ресейлік композитор.
"Алты октава адам"
Димаш Құдайберген биыл АҚШ-тағы The World's Best шоуының судьяларын өзінің таңғажайып диапазонымен таңғалдырған болатын. Әнші сахнаға шығар алдында көрермендер үшін Димаш жайлы арнайы видеоролик түсірілді. Онда әнші өзі жайлы айтады. Видеоның соңында қазақстандық әншіні The Six-Octave Man деп сипаттайды. Тыңдармандардың көпшілігі қазақстандық жас таланттың бір әнді бірнеше дауыста құбылтып, қиналмастан шебер орындайтынына таңдай қаққан еді.
75 миллион адам тыңдайтын радиоға сұхбат берген Димаш
Димаш былтыр қарашада Лондондағы концертінен кейін шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берген болатын.
Әлемдік жетекші басылымдарға арналған сұхбат сериясын қазақстандық әнші BBC телевизиясы мен радиосын аралаудан бастады. Ұлыбританиялық ВВС жалпы ұлттық қоғамдық телерадио таратылымы ұйымының студиясында Димаш қазақ тілінде бірегей сұхбат беріп, өз шығармашылығын бөліскен еді.. BBC World Service радиостанциясында музыкант Cultural Frontline сенбілік шоуы үшін өзінің табыс жолындағы тарихын бөлісті.
Сондай-ақ, бағдарлама жүргізушісі Тина Дахели әншімен оның музыкалық жолы туралы әңгімелесті. Айта кетейік, радиостанцияның жаһандық апталық аудиториясы - 75 миллион адам.
© Никита Басов
Димаштың қалауындағы болашақ жары
Әншінің әжесі Миуа Низамутдинова сұхбаттарының бірінде немересінің ерте үйленгенін қалайтынын айтқан екен.
"Қандай қыз жолығатынын Құдай біледі ғой. Бірақ Димаш "қазақы тәрбиесі бар, үлкендерді сыйлайтын, "папа-мамама" ұнайтын қыз болса" дейді. Мен оған "әнші қыз ал, өзіңнің қасыңда жүретін" деймін.
"Маған әнші қыздың керегі жоқ. Сосын баланы кім бағады? Сен баға бересің бе" деп қояды. Менің ойымша, үлкен адамдар жастарға жол сілтеп, қолдап отыруы керек. Енелері қарсы шығып, ажырасып жатады. Келінді қызым деп көріп, ұлыңа жақтаспау керек. Келінді жақтау керек. Мен оқуыңды бітірген соң үйлен десем, өз деңгейіме жетуім керек, отызға дейін жүремін дейді. Мен ерте үйленгенін қалаймын", - деген еді әжесі Миуа Низамутдинова.
Димаштың анасы Светлана Айтбаева болса, сұхбаттарының бірінде ұлының қыздармен қарым-қатынасы жайлы айта бермейтінін мәлімдеген еді.
"Ол қыздармен қарым-қатынастары жайлы айта бермейді. Қазір ол үшін ең бастысы - музыка және шығармашылық. Димаш бос уақытын осыған арнайды, оның әңгімелерінің барлығы тек музыка мен репертуар жайында. Әрине, біз Димашты оқуын аяқтап, мансап жолын құрып, үйленеді деп сенеміз. Біз сол туралы армандаймыз және сол сәтті күтеміз", - деген еді әншінің анасы.
Бұдан бөлек, Қытайдың, АҚШ-тың Нью-Йорк сынды қалаларында да фанаттар ең үлкен экрандарды жалға алып, әншінің суреттерін ілдірген, әндерін қойдырған еді.
Хаңжоу қаласындағы бір фантоптың басшысы мұндағы үлкен экранды жалдауға өз қалтасынан тіпті 60 мың юань (3 миллион теңге мөлшерінде) қаржы шығарған екен.
"Сондай мінсіз". Әлем жұлдыздарының Димаш жайлы айтқан пікірлері
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также