22 октября 2020 10:52

Сенат фонограмма туралы заңды қабылдады

Даурен Ерболат Журналист
Фото: vse42.ru

Сенат әртістердің сахнадағы жүріс-тұрысын, фонограмма қолдануын реттейтін заң жобасын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенат әртістердің сахнадағы жүріс-тұрысын, фонограмма қолдануын реттейтін заң жобасын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасы қаралды. Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова заң жобасы қандай мәселелерді реттейтінін айтты.

Реклама
Реклама

"Концерттік қызмет мәселесіне тоқталайын. Концерттік ойын-сауық іс-шараларын өткізу кезінде туындайтын бірқатар проблема бар. Орындаушылар тарапынан концерттер өткізу кезінде әдепсіз мінез-құлық көрсету, сахнаға ұқыпсыз шығу үрдісі болып отыр. Сондай-ақ, жоспарланған концерттік бағдарламаларды орындамау әдепсіз сөздері бар репертуар таңдау, көрермендерді хабардар етпей фонограмманы пайдалануға жол берілген бірқатар факт бар", - дейді ол.

Осы орайда министр заң жобасы аясында заңнамалық деңгейде орындаушылардың (әншілердің) осындай мінез-құлқына жол бермеу бойынша бірқатар міндеттемені енгізу арқылы осы мәселелерді реттеуге тырысқанын атап өтті. 

"Олардың ішінде маңызды норманың бірі - музыкалық шығармаларды орындаушылардың фонограмманы қолдануы туралы көрерменді хабардар ету. Фонограмманы пайдалану тәртібі заңға тәуелді актіде айқындалады. Барлық жарнамалық өнімде және касса жанында міндетті түрде фонограмманы пайдалану бойынша хабарландыру беріледі. Бұл көрерменге фонограмманы пайдаланумен өтетін концертке билет сатып алу немесе одан бас тарту таңдауына мүмкіндік береді, әрі билеттің құнына да әсер етеді", - дейді Ақтоты Райымқұлова. 

Заң жобасын сенат депутаттары қабылдады.

Айта кетейік, осыған дейін мәжілісте депутаттар аталған заң жобасын мақұлдап, сенатқа жолдаған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram