ПОДЕЛИТЬСЯ
24 сентября 2019 | 16:29
"Соңғы рет телефон арқылы сөйлестік". Рысбек Аташ Жанар Хамитованың қандай жоспары болғанын айтты
Әнші Рысбек Аташ бір апта бұрын қайтыс болған Жанар Хамитовамен соңғы рет телефон арқылы не жайлы сөйлескенін айтып берді. Сол кезде Жанар Қарағандыда жаңа әндер дайындап жатқанын мәлімдеген. Бұл туралы Рысбек Аташ Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әнші Рысбек Аташ бір апта бұрын қайтыс болған Жанар Хамитовамен соңғы рет телефон арқылы не жайлы сөйлескенін айтып берді. Сол кезде Жанар Қарағандыда жаңа әндер дайындап жатқанын мәлімдеген. Бұл туралы Рысбек Аташ Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.
"Жанар екеуіміз өмір, өнер туралы жиі сөйлесіп жүрдік. Соңғы рет телефон арқылы хабарластық. "Қарағандыдамын, сол жақта әндер жаздырып жатырмын, тойға шыққым келеді" деп айтқан", - дейді Рысбек.
Әнші марқұммен 2006 жылы танысқанын айтады.
"Сол жылдары мен "Арна" тобында, ол "Арнау" тобында жүрген. Екі топ бірігіп, "Жанарым" әнін айттық. Содан кейін дос болып, араласып кеттік. Нұржан да өмірдегі, өнердегі жақын досым. Жанарға да солай қараймын", - дейді ол.
Дуэт соңғы төрт айда екі ән жазған - "Айтқым келеді" және "Күннен күнге". Екі әнге бейнебаян да түсірген.
"Жанармен дуэт айту идеясы Сиви Махмудидің өтінішімен болған еді. "Айтқым келеді" деген әнді Жанармен айтшы деп өтініш білдірген. Сөйтіп, Жанар екеуіміз сол әнді орындап көрдік. Халық жылы қабылдады. Сондықтан кейін "Күннен күнге" деген екінші әнді шығардық. Үшінші әнді жазамыз деп жоспарлап жатқан кезде үлгермей қалдық. Жартысы ғана дайын болған. Соған қарамастан, Жанардың өзі болмаса да, әнді жарыққа шығардым. Жанар екеуіміз соңына дейін бітірмеген әніміздің атауы - "Жалғыз қалма", - дейді Рысбек.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Рысбек Аташ (@rysbek_atash) 22 Сен 2019 в 2:19 PDT
Рысбек пен Жанардың шығармашылық жұбы үш әнмен тоқтап қалмай, алдағы уақытта үлкен жоспарлар құрған екен.
"Жанармен алда тағы бірнеше ән жазу жоспарда болған. Енді тез әндер жазайықшы деп жүр едік. Дуэтпен ән айта берейік, қатарынан жеке шығармашылықпен де айналысамыз, зияны болмайды дедік. Жеке шығармашылықты да, дуэтті де қатар алып жүргіміз келді. Бейнебаян түсіру де ойда болды. Әріптестеріміз бен тыңдармандар дуэтімізді жақсы қабылдады, "Дауыстарыңыз ұқсайды, бірге ән айтқанда, бұрыннан шыққан дуэт секілді" деп бағалады. Осындай жылы сөздерден шабыт алып, үлкен жоспарлар құрып тастап едік", - дейді ол.
Рысбек Аташ Жанардың аманатын жеткізіп, Нұржан Керменбаевтан кешірім сұрағанын айтты.
"Нұржанмен кездестірші, одан кешірім сұрағым келеді, қатты айтып қойдым, өкінемін" деді. "Кездестіруге тырысайын" деп жауап бергенмін. Нұржанның да өз отбасы бар, соған зиян тиіп кетпеуі керек. Бірақ Нұржанның өзі "Мен ренжімеймін, түсінемін ғой" деді. Ол ренжитін адамдардың қатарынан емес. Нұржанға "Жанар кешірім сұрап жатыр" деп, өзінің аманатын жеткіздім. Нұржан да түсіністікпен қарады. Жанар кешірім сұрады, Нұржан өкпелеген жоқ. Сондықтан екеуінің арасындағы түсініспеушіліктің нүктесі қойылды", - дейді Рысбек.
Қыршынынан қиылған ғұмырлар. Арамыздан ерте кеткен жұлдыздар
Еске салайық, 16 қыркүйекте Жанар Хамитованың қайтыс болғаны хабарланған еді. Жанар Хамитова SuperStar.kz байқауы арқылы танымал болды. Кейінірек ол Нұржан Керменбаевпен бірге "Арнау" тобын құрған. Алайда көп уақытқа жұрт назарынан тасада қалып, биыл ғана сахнаға қайта шыққан болатын.
Показать комментарии
Читайте также