Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 сентября 2019 13:07

Қыршынынан қиылған ғұмырлар. Арамыздан ерте кеткен жұлдыздар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Күні кеше әнші Жанар Хамитованың қазасы елді есеңгіретіп тастады. Өнер адамдары да Instagram желісіндегі парақшаларында әншімен қоштасып, жантебірентер жазбаларын бөлісті. Tengrinews.kz мезгілсіз өмірден өткен өнер адамдарын еске алады.


Күні кеше әнші Жанар Хамитованың қазасы елді есеңгіретіп тастады. Өнер адамдары да Instagram желісіндегі парақшаларында әншімен қоштасып, жантебірентер жазбаларын бөлісті. Tengrinews.kz мезгілсіз өмірден өткен өнер адамдарын еске алады.

Оразалы Досбосынов

Оразалы Досбосынов 1975 жылы 15 қарашада Алматы облысы Райымбек ауданы, Тегістік аулында дүниеге келген. Айтыскер ақын небәрі 29 жасында қайтыс болды. 

Ақынның анасының айтуынша, Оразалының әкесі үш ағайынды болған - Жарылқасын, Қасым, Оразалы. Жарылқасынның ағасы Оразалы Қытайда Текес жерінде ақын, жыршы болған. Сөйтіп, өнер қуып жүріп хабарсыз кетіпті. Жарылқасын сол бауырының аты өшпесін деп ұлына Оразалы атын беріпті. 

Оразалы Досбосынов. © ult.kz

Айтыс өнерінде ерекше мақамымен реформатор ақын ретінде танылған Оразалы көзі тірісінде "Құлмамбеттің құлыны" атанған.

Алматы облысы Шонжы ауылынан келе жатып көлікпен аударылған Оразалы Досбосынов 30 жасқа толар уақытында дүниеден өтті. Ақынның артынан екі жылдан кейін жары Ажар Түзелбекқызы 2011 жылы жол апатынан ажал құшты. Өнер адамдарының артынан Нұрайша есімді қыздары мен Нұрсұлтан есімді ұлдары қалған.

Бекзат Саттарханов

Олимпиада чемпионы 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. Бекзат - небәрі 20 жасында Олимпиада ойындарында топ жарып, Елбасының қолынан І дәрежелі "Барыс" орденін алған тұңғыш спортшы болды. 

Бекзат Саттарханов

Боксшы 31 желтоқсанда жаңа жылға санаулы минуттар қалғанда Шымкент қаласы жанындағы Темірлан бекеті маңында жол апатынан қаза болды. 

Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы ықшамаудан мен спорт кешені, сондай-ақ Алматы қаласындағы көшелерді біріне чемпионның аты берілген. 2002 жылдан бастап бокстан Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир өткізіліп жүр.

Нәби Аймұратов

Нәби Аймұратов аз ғана өмірінде ән өнерінде із қалдыра білген әнші. Оның "Мектептегі махаббат", "Ақ шағала", "Гүлімсің" әндері әлі күнге дейін халық жадында. Әнші 2009 жылы 15 маусымда жол апатынан қаза тапқан. Көлік апаты "Самара-Шымкент" тас жолының Шиелі ауданы аумағында болған.

Нәби Аймұратов

Әншінің жары "Жұлдыздар отбасы" басылымына берген сұхбатында Нәбидің өмірінің соңғы күні туралы естелікпен бөліскен. 

"Қызылордадағы бөлесінің тойы болатын болды. Мама (Нәбидің анасы) "тойға келіңдер" деді. Бірақ Нәби басында біздің ол тойға бара алмайтынымызды айтты. Бірақ бір-екі күннен соң тойға Еркін Нұржановты алып баратын болдық. Дәл той болатын күні Нәби Еркінге қайта-қайта қоңырау шалып, тыншымады. Онымен сөйлесе алмаған соң, Еркіннің бөле інісіне телефон соғып, "Еркінді қалайда алып келіңдер" деді. Сонымен Еркін, Еркіннің бөлесі, бөлесінің досы үшеуі Mercedes автокөлігімен тойға келді. Той бітпей жатып, Нәби "қайтамыз" дей бастады. Бәрі бізді шығарып салды. Асыққан себебі, ертеңіне "Мүмкін емес" әніне бейнеклип түсіруді бастамақ еді", - дейді әншінің жары.


Нәби Аймұратов жары Жазирамен

Тойдан асығып шыққан Нәби келіншегімен қоштасқандай болып, оны құшақтап, сол жолы Еркін Нұржанов отырған көлікке мінген. Апат болған кезде Нәбидің қорғаныс белдігі тағылмаған, ал әншінің өзі шырт ұйқыда болған. Әншілер отырған көлікті тізгіндеген жүргізуші жылдамдықты 230-ға жеткізген екен.

"Тәте, мен 200-бен жүріп те оларға жете алмадым", - деді Еркіннің бөлесі Мақсат. Нәбилердің машинасы жолдан біршама әріде тас-талқаны шығып жатыр. Оны көргенде-ақ мен бәрін білдім. Өйткені, машина соншама жоғарыға ұшып, Нәби отырған жағымен құлаған. Оның үстіне ол шырт ұйқыда жатқан. Қорғағыш белбеуді тақпаған. Терезесі ашық. Арғы жағын өзіңіз ойлай беріңіз. Бірден сол жаққа қарай жүгіріп ем, Мақсат ұстап алды да жібермеді. Оның үстіне МАИ қызметкерлері қоршап алып, ешкімді өткізбеді. Он минут шамасында "Жедел жәрдем" келіп, алып кетті", - деп қайғылы оқиғаны есіне алған Жазира Аймұратова.

Руслан Бөлебай

Аз уақыт ішінде көрермен көзайымына айналған тележүргізуші Руслан Бөлебай да жол апатынан қаза тапқан. Талантты азаматтың дүниеден өткеніне биыл 10 жыл болған. Тележүргізуші ұлттық арнадағы "Таңшолпан" бағдарламасы арқылы танылған. 

Руслан Бөлебай

Елге кеңінен танылып үлгерген журналист 2009 жылы 16 шілдеде жол апатынан қаза тапқан. Тележүргізушіліктен бөлек Руслан актерлік қырымен де танылып үлгерген. 

Шалқар Үркімбаев

Талантты актер 29 жасында жұмбақ жағдайда қайтыс болған еді. Актердің осы уақытқа дейін үшінші қабаттағы грим бөлмесінің балконынан секіріп кеткені, не оны біреудің қасақана итергені белгісіз. 


Шалқар Үркімбаев © ernur.kz

Актер 2012 жылы қаза тапқан.

Денис Тен

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 1993 жылы 13 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.  2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасында 255,10 ұпаймен қола медальға ие болған.

 
Денис Тен © 24.kz

Ол 2018 жылы Алматы қаласында ұрылардың қолынан қаза болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрлап бара жатқан екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжал барысында ұрылар Денис Тенді пышақтап кеткен. Спортшы 2018 жылы 19 шілдеде қаза тапқан.

Құтжан Бағлан

Балаларға арналған бағдарламалар арқылы танылған Құтжан Бағлан алғашқы "мүшелі" - 13 жасында қайтыс болған. Жас жүргізуші 2019 жылы 16 мамырда қаза тапқан. 

Бағлан Құтжан 2006 жылы 4 наурызда Ақтөбе облысы, Алға қаласында өнерпаздар отбасында дүниеге келген. Әкесі Ғалымбек Басшиев - әнші, ал Ләйла Басшиева балабақшада музыка жетекшісі болып қызмет етеді. Бағлан - отбасының тұңғышы. Жас жүргізушінің екі қарындасы мен бір інісі бар.

Оның телеарнадағы карьерасы 2017 жылы қаңтарда басталған. Сол кезде "Балапан" телеарнасына қабылданып, кейіннен қазақ радиосында "Балдәурен" балалар интерактив ойынын жүргізген.

Сонымен қатар, Бағлан спортта да бірнеше жетістікке жеткен. 2015 жылдан бастап велоспортқа қатысты. Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер болды. Соңғы жылдары баскетбол және қазақша күреспен айналысқан.

Жол апатынан қаза тапқан Бағлан Құтжанды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі 18 мамырда Ақтөбеде өткен. 

Гауһар Қасаева

"Атырау ару-2015" - Гауһар Қасаева 2019 жылы 19 маусымда дүниеден озған. 2017 жылы арудың іші ауырып, мазалай бастайды. Тексеруден соң қатерлі дертпен ауыратыны анықталды. 2018 жылы бойжеткенге ір құрылысының саркомасы диагнозы қойылған. 

Гауһар Қасаева

Гаухарға екі ота жасалғанымен, жергілікті онкологтар қызды құтқарып қала алмаған. Оған шетелде емделуге кеңес бергендіктен Гаухар Оңтүстік Кореяда емделу үшін қаражат жинай бастаған. Алайда, амал не, 19 маусымда демі үзілген. 

Жанар Хамитова

Жанар Хамитова 1989 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауылында дүниеге келген. Шығармашылыққа жақын болған ол кішкентай кезінен спортпен де шұғылданған. 

Жас әнші шығармашылық карьерасын қыздардан құралған China Town тобында бастады. Көп ұзамай Super Star KZ жеңімпазы Нұржан Керменбаевпен бірге "Арнау" дуэтін құрды.

Бірақ дуэттің ғұмыры ұзаққа созылмады. 2009 жылы күтпеген жерден Жанар топтан кетіп қалды.


Жанар Хамитова © time.kz

Тұрмыс құрып, шетелге кеткен Жанар Қазақстанға оралғаннан кейін шығармашылық карьерасын қайта бастағысы келетінін айтқан. Сол кезде оған әріптесі Сиви Махмуди қол созып, мейрамханада әнші болып қызмет етуді ұсынған. Бірақ көп ұзамай Жанардың көңіл-күйі жиі өзгеріп, тұрақты жұмыс істеуге дайын болмауының кесірінен Жанар мен Сиви өзара серіктестігін тоқтатқан.

Әнші 16 қыркүйекте дүниеден озған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша іс қозғалған.

Оқи отырыңыз:

"Тамырымды кесіп, асылып өлмек болдым". Жанар Хамитова соңғы сұхбаттарында не деді?

"Жаның қиындық көрмесін". Өнердегі әріптестері Жанар Хамитовамен қоштасып жатыр

"Өнерден кетемін. Жұрттың сөзі ауыр тиді". Сиви Махмуди Жанар Хамитованың сырын айтты

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети