Сейдахметов Бақытжан

  • Фото ветерана: Сейдахметов Бақытжан
    Сейдахметов Бақытжан
  • Фото ветерана: Сейдахметов Бақытжан
  • Фото ветерана: Сейдахметов Бақытжан
  • Фото ветерана: Сейдахметов Бақытжан
  • Фото ветерана: Сейдахметов Бақытжан
  • Фото ветерана: Сейдахметов Бақытжан
    Фото ветерана: Сейдахметов Бақытжан Фото ветерана: Сейдахметов Бақытжан Фото ветерана: Сейдахметов Бақытжан Фото ветерана: Сейдахметов Бақытжан Фото ветерана: Сейдахметов Бақытжан Фото ветерана: Сейдахметов Бақытжан

Менім атам Сейдахметов Бақытжан Сейдахметұлы 1911 жылдың 3 қаңтарында Қостанай облысының Аманкелді ауданында Мүкір селосында кедей шаруаның семьясында туған. 1931 жылы Орынбор қаласында жасөспірімдер мектебін бітірген. 1931 жылдан бастап Қарағанды қаласындағы көмір шахталарында тіреуші, нормалаушы, десятник, тау-кен шебері болып жұмыс істеген. 1938 жылы Б. Сейдахметов Алматы қаласындағы Заң мектебіне түсіп, оны 1940 жылы бітірген. Осында жүріп, ол КПСС мүшелігіне өтті. Заң мектебін бітірген соң Қарағанды облысы Сталин (Октябрь) ауданының 6-шы учаскесінде халық судьясы болып қызмет атқарды.

Менім атам 1943 жылы Жаңа-Арқадан Совет Армиясының қатарына шақырылып, Орта Азия Әскери округінде (Ош қаласы) саяси қызметкерлер даярлайтын мектепке курсант болып қабылданды. 1943-1945 жылдары атам Ұлы Отан соғысына қатысып, екінші Украина фронтында 227 атқыштар дивизиясының 779 атқыштар полкінің взвод командирі болған. Украина, Румыния, Чехословакияны фашистерден азат ету шайқастарына қатысқан. Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті 1945 жылғы 9 мамырда неміс қаласы Лейпцигте қарсы алған.

1945 жылдың шілде айынан 1946 жылдың тамызына дейін Шығыс Сібір Әскери округінде әскери қызметте болған. 1945 жылдың шілдесінен қыркүйекке дейін Моңғолияда жапондардың Квантун армиясын талқандауға қатысқан. "За победу над Германией", "За победу над Японией", "За освобождение Румынии", "За освоение целинных и залежных земель" медалдарымен, "100 лет В.И. Ленину", "ХХ лет Победы" мерекелік медалдарымен, "ХХV лет Победы" белгісімен наградталған. Жапондармен Қиыр Шығыстағы шайқаста ерекше әскери іс-қимылы үшін 1945 жылдың 23 тамызында Жоғары әскери басқарушы Совет Одағының Генералиссимусы И.Сталинның № 372 бұйрығымен кіші лейтенант Бақытжан Сейдахметовке алғыс жарияланған.

1946 жылы елге қайтып оралғаннан бастап 1960 жылға дейін Б. Сейдахметов Қарағанды облысының Сталин (Октябрь), Жаңа-Арқа, Шет аудандарында халық судьясы болып қызмет істеді. 1960 жылдан 1972 жылға дейін Ұлытау, Жезді аудандарында халық судьясы болып жұмыс атқарды. Ал 1972 жылғы сәуірде Б. Сейдахметов Жезқазған аудандық халық судьясы болып сайланып, өмірінің соңына дейін осы қызметте болды. Б. Сейдахметовтың бірнеше Қазақстан Жоғары сотының, Әділет министірлігінің, облыстық соттың грамоталарымен марапатталған. Бақытжан Сейдахметов 1972 жылы 23 тамызда қайтыс болған.

Нравится