Токтакүшіков Қалижан

  • Фото ветерана: Токтакүшіков Қалижан
    Токтакүшіков Қалижан
  • Фото ветерана: Токтакүшіков Қалижан
  • Фото ветерана: Токтакүшіков Қалижан
  • Фото ветерана: Токтакүшіков Қалижан
  • Фото ветерана: Токтакүшіков Қалижан
  • Фото ветерана: Токтакүшіков Қалижан
  • Фото ветерана: Токтакүшіков Қалижан
  • Фото ветерана: Токтакүшіков Қалижан
    Фото ветерана: Токтакүшіков ҚалижанФото ветерана: Токтакүшіков ҚалижанФото ветерана: Токтакүшіков ҚалижанФото ветерана: Токтакүшіков ҚалижанФото ветерана: Токтакүшіков ҚалижанФото ветерана: Токтакүшіков ҚалижанФото ветерана: Токтакүшіков ҚалижанФото ветерана: Токтакүшіков Қалижан

Əкемді мақтан тұтамын
Əкем, Токтакүшіков Қалижан, 1912 жылы Талдықорған облысы Ақсу ауданы Тасарық аулында дүниеге келген. Ауылдың 7 сыныптық мектебін бітірген. Жастайынан ауыл өміріне ерте араласып еңбек етті.

Ұлы Отан соғысы кезінде 1942 жылы 6 қаңтарда 8-әскери жол басқармасының 3- әскери жол бөлімшесіне жедел əскерге шақырылған. Дайындықтан өткен соң, 1943 жылдың 26-сәуірінен 1945 жылдың 25-қыркүйегіне дейін 1130ДтБС әскери бөлімде гвардия еврейторы ретінде Отан қорғау қызметін адал атқарды. Соғысты Сталинград түбінен бастап Ленинград қоршауы Ладогада аяқтады. Осы ерен ерліктері үшін "За отвагу" жəне "За оборону Сталинграда" медальдарымен марапатталды. Сонымен қатар Ленинградты қорғауға қатысқаны үшін грамота берілген.

Соғыстан кейін шаруашылықты қалпына келтіру жұмыстарына да белсене араласқан. 1948 жылдан 1954 жылға дейін ССРО Дайындау Министрлігінің Талдықорған облысында бақылаушы болып жұмыс істеген. 1954-1976 жылдар аралығында Талдықорған облысы Бөрлітөбе ауданы М.Горький совхозында мал шаруашылығымен айналысты. Бейбіт өмірде де үлкен жетістіктерге жете білді. 1957 жылы Мəскеуде болған Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесіне қатысып медальмен марапатталған.
Үкімет Ұлы Отан соғысы ардагерлерін əрқашан құрмет етеді. Сол бір ілтипатты көзі тірісінде менің əкем де көріп, Ұлы Отан соғысының аяқталғанының 30 жылдығына байланысты төс белгісімен марапатталды.

Асыл да,жаны таза əкем 1976 жылы қайтыс болды. Менің ойымша, əкелер өмір жолы ешқашан ұмытылмас деп ойлаймын, өйткені ұрпақ жалғасып бір-біріне жеткізетініне кәміл сенемін.

Нұргүлғасыл Қалижанқызы Мухамадиева

Нравится