Калиякасов Каламан

  • Фото ветерана: Калиякасов Каламан
    Калиякасов Каламан
Миллиондаған адамның өмірін қиған 1941-1945 жылдардағы неміс басқыншыларының Кеңес Одағына ашқан соғысына өз еркімен аттанып, сол сұрапыл жылдардан туған еліне аман есен оралған жандардың бірі.

1943 жылдың мамыр айында қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданынан майданға аттанып, сол жылдың тамыз айында Горький қаласында соғыс тәсіліне жаттыққан аз күннен соң Ресейдің Узюм деп аталатын селосында соғысқа кірді. Кеңес Одағының маршалы Толбухин басшылық еткен 3-Украин майданының 103-минометшілер полкынан бөлімше командирі ретінде бүкіл Украинаның Николаев, Харьков, Одесса, Киев қалаларын жаудан азат етуге қатысты. Днепр өзені үшін болған жойқын шайқаста жауға өлтіре соққы бергендердің бірі, өзеннен алғашқы өтушілер қатарында болды. Ержүрек жауынгерлер туралы "Огневой вал" газеті екі рет мақала жариялады.

1944 жылы кезекті шайқаста қолынан жараланса да емделіп шыққан соң, ұрысқа қайта кірген. Румыния, Болгария, Чехословакияны азат етуге қатысқан. Румынияның астанасы Будапешт қаласын Кеңес әскерлері алған кезде олардың еңбегі жоғары бағаланып, 1944 жылғы 24-желтоқсанда Мәскеуде салют берілді. Осы жеңіске байланысты жоғары Бас қолбасшының алғыс айту бұйрығында менің әкемнің де есімі аталыпты.
Ал 1945 жылы 14-сәуірде Австрияның астанасы Венаны азат ету ұрысында да ерлік көрсетеді.Жеңіс тойын Берлин қаласының маңында қарсы алған. 1- дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, "За взятие Будапешта", "За освобождение Вены", "За победу над Германией", Жеңістің 20, 30, 40 жылдығы, кеңес қарулы күштерінің 60 жылдығы, ерлігі үшін медальдарының иегері.Соғыстан аман есен елге оралған соң да халық шаруашылығында аянбай еңбек етіп, 1989 жылы қайтыс болды.
Нравится