Блялов Топыш 1923 жылы Қарғалы ауылында дүниеге келген. 1942 жылы сәуірде Шет аудандық әскери комиссариатынан Ұлы Отан соғысына шақырылған. Соғыс жылдары 1-ші Украина майданында жабдықталған 13-атқыштар әскерінде жаумен ерлікпен шайқасқан. Қатардағы атқыштан бөлім басқарушыға дейін көтеріліп, кіші лейтенант шенін алған. Көрсеткен ерлігі үшін "За отвагу", "Маршал К.К.Жуков" атындағы, "За Победу над Германией" медальдарымен наградталды. Соғыс жылдары бірнеше жарақат алған. 1943 жылғы жылы көктем айларында Кениксберг қаласын неміс оккупанттерінен босатқан кезде ауыр жарақат алып, госпитальге түседі. Жазылып шығып, 72-ауыр танкілік полк қатарына қосылып, 1945 жылы қырқүйекте еліне аман оралған. Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген, сол жылдарда қиындыққа төзіп, Жеңіс күндерін жақындатқан әкемізді мақтан тұтамыз. Соғыс майдангері Отанға деген шын сүйіспеншілігімен, ерліктерімен, қайсарлығымен, жігер-қайратымен, ел қорғау сезімімен артынан ерген ұрпаққа үлгі бола білді.