Төлебаев Бодык Ізтелеуұлы

  • Фото ветерана: Төлебаев Бодык Ізтелеуұлы
    Төлебаев Бодык Ізтелеуұлы
  • Фото ветерана: Төлебаев Бодык Ізтелеуұлы
    Фото ветерана: Төлебаев Бодык ІзтелеуұлыФото ветерана: Төлебаев Бодык Ізтелеуұлы

Төлебаев Бодық Ізтелеуұлы 1908 жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Аламесек ауылсоветіне қарасты "Жаңадария" колхозында дүниеге келген. 1942 жылдың 28 тамыз айында өз еркімен сұранып, соғысқа аттанып, содан елге оралмады.

Ұлы Отан Соғысының аяқталғанына 60 жыл толуына орай 2005 жылы әкемді іздеп Ресей қорғаныс министрлігіне хат жазғанымда мынадай мәтінде жауап келді: "8-гвардиялық "Панфилов" атқыштар дивизиясының бөлім командирі, кіші сержант Төлебаев Бодық, бұрынғы "Калинин", қазіргі Новгород облысының "Холм" ауданына қарасты "Новечки" селосының солтүстік шығысында бір шақырымдай жерде болған қиян-кескі шайқаста ерлікпен 1943 жылы 25 ақпанда қаза тауып, "Братский могилада" (военный комиссариат города Старая Русса, Холм, Старорусского, Холмского, Парфинского и Поддорского районов Новгородской области 24.04.2009 г. №2/1374 Центральный архив РФ №9/110328,14.11.2006 г.) жерленгендігін хабарлап және соғыстан кейінгі жылдары "Холм" ауданының орталығындағы "Жеңіс" алаңында қайта жерленіп, көк тасқа аты-жөні жазылып қойылған.

2008 және 2011 жылдары Ресей Федерациясының Новгород облысы, Старая Русса қаласының, Холм ауданына жерленген жеріне барып, сәби кезімде жоғалтқан әкемнің басына туған жерінен бір уыс топырақ апарып салып, құран оқып қайттым. Әкем Бодық маған грузин ақыны Шота Руставеллидің "Жолбарыс терісін жамылған батыр" деген поэма кейіпкері Тинатин атты қыздың есімін қойған екен.

Нравится