Байболдиев Батырбек

  • Фото ветерана: Байболдиев Батырбек
    Байболдиев Батырбек

Батырбек Байболдиев 1918 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Кемербастау ауылында туған. Ата тұрмысы кедей шаруа болған соң жетім қалып, қабырға ағайынның қолында өскен. 1930 жылы Кемербастау бастауыш мектебінде оқып, сауатын ашқан. 1931 жылы Түлкібас станциясындағы интернатта орысша оқыған. 1934 жылы Жамбылдағы теміржол техникумын бітіріп, 1935-1936 жылы Елтай мектебінде мұғалім болып істеген. 1939 жылы әскерге қабылданып, 1946 жылға дейін соғысқан. 1950 жылы Шымкент қаласында Сталин атындағы педучилищені сырттай оқып бітірген. Мұғалім болып қызмет атқарған. 1989 жылы 24 желтоқсанда өмірден өтті.

Нравится