Ауанов Қожахмет 1923 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңарық ұйымдасқан колхозында дүниеге келген. 1936-1942 жылдары Жаңарық орта мектебінде оқыған. 1942 жылы наурызда әскерге шақырылып, Алматы қаласында әскери борышын өтеп жүріп, мамырдың 10 жұлдызында соғысқа аттанды.
Саратов облысы Татишевский ауданында оқу жаттығудан өтіп, сол оқу жаттығуда аға сержант атағы беріліп, 1942 жылы 22 тамызда Сталинград майданында соғысқа түседі. 1942 жылы қыркүйекте аяғына оқ тиіп, жеңіл жараланып, Камчатка қаласының госпиталінде емделген. 1942 жылы госпитальдан шыққаннан кейін соғысқа қайта аттанып, 7 қыркүйекте сол қолын ауыр жаралап, Сидорон қаласынан Кемеровский облысы Кемерово қаласында госпитальде жатқан. 1943 жылы 12 наурызда Ұлы Отан соғысының 2-топтағы мүгедектігімен елге қайтарылған.
1943-1944 жылдары аудандық совет атқару комитетінде нұсқаушы болып жұмысқа орналасып, 1945 жылы коммунистік партияға өткен. 1947-1954 жылдары аудандық тұтынушылар одағы жанындағы мейрамханада директор қызметін атқарған. 1954 жылы Аудандық совет атқару комитетінің Пленум қаулысына сәйкес, Жаңарық колхозының "Қарамал" фермасына басшы етіп жіберген. 1956-1959 жылдары Жаңарық "Селпо" сауда орнында бухгалтердің көмекшісі болып қызмет атқарған. 1959-1965 жылдары Аудандық тұтынушылар одағында қойма меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1965-1971 жылдары Аудандық сауда орны жанындағы Заготконторға қойма меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1971-1975 жылдары Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Түгіскен "Массив" каналының қазылуына байланысты "ПМК" мекемелері және арнайы жұмысшыларды азық-түлікпен қамтамасыз ететін "Водстрой" конторы ашылып, аудандық совет атқару комитетінің қаулысымен сол "Водстрой" конторын басқарды.
1975-1988 жылдары Келінтөбе, Түгіскен, Өзгент совхоздарына күріш егу мақсатымен жерлерді өңдеуге Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты "ПМК" № 29 мекемесінде снабженец-экспедитор мамандығы бойынша абыроймен қызметін атқарған.
1988 жылы осы мекемеден облыстық дәрежедегі зейнеткерлікке шықты. Қожахмет Ауанов Ұлы Отан соғысының 2-топтағы мүгедегі, сіңірген еңбегі үшін Ұлы Отан соғысының 1-дәрежелі "Жеңіс" және "Қызыл жұлдыз" ордендерімен, "Астанаға 10 жыл", Кеңес Одағының бірнеше медальдарымен марапатталған. 2014 жылы 16 шілдеде дүниеден озды.