Тоқтакүшіков Қалижан

  • Фото ветерана: Тоқтакүшіков Қалижан
    Тоқтакүшіков Қалижан
  • Фото ветерана: Тоқтакүшіков Қалижан
  • Фото ветерана: Тоқтакүшіков Қалижан
  • Фото ветерана: Тоқтакүшіков Қалижан
  • Фото ветерана: Тоқтакүшіков Қалижан
    Фото ветерана: Тоқтакүшіков ҚалижанФото ветерана: Тоқтакүшіков ҚалижанФото ветерана: Тоқтакүшіков ҚалижанФото ветерана: Тоқтакүшіков ҚалижанФото ветерана: Тоқтакүшіков Қалижан

Мен әкемді мақтан тұтамын

Әкем, Тоқтакүшіков Қалижан, 1912 жылы Талдықорған облысы Ақсу ауданы Тасарық аулында дүниеге келген. Ауылдың 7 сыныптық мектебін бітірген. Жастайынан ауыл өміріне ерте араласып еңбек етті. Ұлы Отан соғысы кезінде 1942 жылы 6 каңтарда 8-ші әскери жол басқармасының 3-ші әскери жол бөлімшісіне жедел әскерге шақырылған. Дайындықтан өткен соң 1943 жылдың 26 сәуірінен 1945 жылдың 25 қыркүйегіне дейін 1130дбс әскери бөлімінде гвардия ефрейторы ретінде отан қорғау қызметін адал атқарды. Соғысты Сталинград түбінен бастап, Ленинград қоршауы Ладогода аяқтады. Соғыста көрсеткен батылдығы үшін "Ерлігі үшін" және "Сталинградты қорғағаны үшін" медальдарымен марапатталды.

Сонымен қатар Ленинградты қорғаудағы ерлігі үшін грамота берілді.

Соғыстан кейін шаруашылықты қалпына келтіру жұмыстарына да белсене араласқан. 1948 жылдан 1954 жылға дейін КСРО дайындау министрлігінің Талдықорған облысындағы бақылаушысы болып жұмыс істеген. 1954-1976 жылдар аралығында Талдықорған облысы Бөрлітөбе савхозында мал шаруашылығымен айналысты. Бейбіт өмірде де үлкен жетістіктерге жете білді. 1957 жылы Мәскеуде болған Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесіне қатысып, мадальмен марапатталған.

Үкімет Ұлы Отан соғысынын ардагерлерін әрқашан құрмет етеді. Сол бір ілтипатты көзі тірісінде менің әкем де көріп, Ұлы Отан соғысы жеңісінің 30 жылдығына байланысты төсбелгімен марапатталды.

Асыл да жаны таза әкем 1976 жылы қайтыс болды. Менің ойымша, әкелер өмір жолы ешқашан ұмытылмас деп ойлаймын, өйткені ұрпақ жалғасып, бір-біріне жеткізетініне кәміл сенемін!

Нравится