Ұлы Отан соғысының ардагері. Ол бүкіл ғұмырын сарп етіп, еліне жеңіс туын желбіретуге септігін тигізген батыр адам. Ұрпағы қазасын қынжыла еске алады.
Сұрапыл соғыс кезінде ерлік пен қайсарлық көрсете алған алған батыр адам. Менің атам - Темірғалиев Сисенғали 1926 жылы Ақтөбе облысы Ойыл ауданында дүниеге келген. 1943 жылы 17 жасында майданға аттанған болатын. Әскери билетінде "красноармеец ВП және ЗП" деген атағы болғаны туралы жазба сақталыпты. Менің атам сонау Берлинге барып, ерлік көрсетіп шайқасқаны үшін "1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін", "Берлинді алғаны үшін", "Ерлігі үшін орденімен марапатталған болатын.
Атам 1951 жылы еліне оралып, саудагер болып еңбек етті. Екі ұл, жеті қыз бала өсірді. 1973 жылы наурызда қайтыс болды. Ерлік көрсетіп, о дүниеге аттанған атамыздың батыл істерін, адам баласына деген сыйластықты қадірлеуді еске алып, қалған ұрпағы әр жыл сайын 9 мамырда батыр бабаларымызды еске алып, алғысымызды айтып отырамыз. Олардың "Еліміз амандықта, ұрпағымыз сау-салтанатта болсын" деген арманы орындалды. Алғысқа толы жүрегіммен Ұлы Отан соғысының барша ардагеріне жылы лебізімді білдіремін.
Соғыстың сұрапыл жылдары
Жесір мен жетімнің жылауы
Аттанды ел үшін солдаттар
Халқымның сөнбеген үміті
Елеңдеп елі үшін жері үшін
Сұрапыл майданда шайқасты
Отан деп соққан жүректен
Сөнбеген қайсарлық алауы
Соғыстың соңғы көктемі
Ананың махаббат мейірімі
Солдаттың еліне келуі
Бұл Бейбіт Отанның Жеңісі
Ерлікке толса да өмірі
Тағдыры қиылған солдаттар
Өтседе өзі өмірден
Ерлігі оның өлмеген
Елімнің мәңгілік достығы
Даламның кеңдігі, баланың күлкісі
Нұрланған сәулемен ашық аспаным
Сөнбесін мәңгілік жайнасын
Ешқашан майдан болмасын.
Естелікті жазған - немересі Темірғалиева Жаннұр, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенті.